Қазақстан мен Еуропалық Одақтың ынтымақтастығы

27.03.2018

Көрулер: 2931

4 сәуірде «Фараби әлемі» форумы шеңберінде халықаралық қатынастар факультеті, Еуропалық Ақпараттық Орталық Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнатылуына 25-жыл толуына орай және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Еуропалық ақпараттық орталықтың 20-жылдығына арналған «Қазақстан мен Еуропалық Одақтың ынтымақтастығы: қазіргі таңдағы үрдістері мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Мақсат - Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері, оның ішінде экономикалық, энергетикалық, саяси ынтымақтастық, көлік саласындағы, адам құқықтары, қауіпсіздік және т.б. салалардағы ынтымақтастық бойынша пікір алмасу болып табылады.  

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның жұмысына Қазақстан Республикасындағы аккредиттелген дипломатиялық миссиялардың, ҚР Сыртқы істер министрлігінің өкілдері, сонымен қатар шетелдік және қазақстандық зерттеушілер, академиялық және сараптамалық қауымдастықтың өкілдері қатысады.

Өтетін орны: Алматы қаласы, Қарасай батыр көшесі 95, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Халықаралық қатынастар факультеті.

Ұйымдастыру мәселелері бойынша Еуропалық Ақпараттық Орталықтың үйлестірушісі Байкушикова Гульнара Серикбаевнаға хабарлассаңыздар болады: тел. +7 (727) 243-83-27

e-mail: gulnara.baikushikova@gmail.com