«Инновациялық идея - жетістікке арналған жолы!»

19.03.2018

Көрулер: 4941

2018 жылдың 29 наурызында Алматы қаласында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ экономика және бизнес жоғары мектебі, менеджмент және маркетинг кафедрасы ұйымдастырған «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Менеджмент» және «Маркетинг» мамандықтары бойынша X Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтеді.

Жыл сайын «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Менеджмент» және «Маркетинг» мамандықтары бойынша республикалық студенттік олимпиада өткізіледі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақстан Республикасының Жобалық менеджерлер Одағымен тығыз байланыста барлық іс-шаралардың ұйымдастырушысы және LG компаниясы, МКА Engineering, Алматы қаласындағы Жастар саясатын дамытудың мемлекеттік қоры демеушілік қолдау көрсетеді.

Қазақстанның 14 аймағынан 21 команда (135 қатысушылар және 30 команда жетекшілері) олимпиадаға қатысады. Менеджмент және маркетинг кафедрасының оқытушылық-профессорлық құрамы, сондай-ақ олимпиада мен демеушілердің өкілдері және жұмыс берушілер қазылар алқасы қатарында жұмыс жасайды.