Аутоиммундық аурулардың өзекті мәселелері бойынша I Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

13.03.2018

Көрулер: 3433

Аутоиммундық аурулардың өзекті мәселелері бойынша I Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің медицина факультеті - 27-28 наурызда Денсаулық сақтау министрінің және Қазақстанның барлық өңірлеріндегі ведомстволық ұйымдардың қатысуымен «Аутоиммундық аурулардың өзекті мәселелері бойынша I Халықаралық ғылыми-практикалық конференция» өткізеді.

Конференцияның өзектілігі жұмыс берушілердің, денсаулық сақтау саласы мамандарының және аутоиммунды аурулардың алдын алу, диагностикалау, емдеу және оңалту шараларын оңтайландырудағы науқастардың жоғары қажеттіліктеріне байланысты.

Конференцияның спикерлері ретінде Германия, Ресей, Оңтүстік Кореядағы университеттік клиникалардың жетекші мамандары, ревматологиялық және аутоиммунды аурулар ассоциацияларының, кәсіби қауымдастықтардың өкілдері болады:

  • Лапин Сергей Владимирович, м.ғ.к., аутоиммундық ауруларды диагностикалау зертханасының меңгерушісі, акад. И.П. Павлов атындағы бірінші Санкт-Петербург мемлекеттік медицина университетінің молекулярлық медицина бойынша ҒӘО, Ресей Федерациясы;
  • Митрошкин Андрей, медицины докторы, Max Grundig Klinik (Bühl/ Baden-Baden), senior physician, Германия;
  • Алекперов Ризван Таирович, м.ғ.д., профессор, «В.А. Насонова атындағы ревматология ҒЗИ» ФМБҒМ, Мәскеу қаласы, Ресей Федерациясы;
  • Min Hisuk, MD, кардиолог, Басқарма мүшесі / CMO ТОО «Medical Partners Korea Qazaqstan» ЖШС, MPK clinic, Оңтүстік Корея;
  • Зеленская Вера Викторовна, м.ғ.д., профессор, НММУ интернатура және ординатура орталығының меңгерушісі, Ресей Федерациясы.

Конференцияның тақырыптық бағыттары түрлі саладағы дәрігерлер арасында қызығушылық тудырады және жоғары қажеттілікке ие, олар: аутоиммундық аурулар, гастроэнтерология, дерматология, кардиология, ревматология, иммунология, аллергология, клиникалық диагностикалық зерттеу әдістері, реабилитация.

Конференцияға қатысушылар әртүрлі мамандықтар бойынша Қазақстанның барлық аймақтарынан және ТМД елдерінен келген 200-ге жуық дәрігер, олар: гастроэнтерологтар, кардиологтар, қан-тамырлық хирургтар, фтизиатрлар, ревматологтар, педиатрлар, жалпы тәжірибе дәрігерлері. Конференция қорытындысы бойынша аутоиммунды аурулармен ауыратын науқастарды басқаруды жақсарту үшін Жол картасының жобасын әзірлеу жоспарланып отыр.

Өткізілу орны: ҚР Президенті Іс басқармасының Медициналық орталық ауруханасы, Астана қаласы.

Ұйымдастыру мәселелері бойынша конференция координаторы Исаева Жибек Сериковнаға, тел. +7 701 711 6328 немесе Романова Жанна Витальевнаға, тел.+7 701 465 69 61, 8 (727) 221-16-22 хабарласыңыз.