1 - маусым Балаларды қорғау күні әлемдік деңгейде 1989 жылдан бері халықаралық мереке болып тойланып келе жатқаны баршамызға белгілі. Балалар – ұрпақ жалғастығы, болашағымыздың жарқын кепілі. Балаларды қорғау күні олардың өмірін соғыстан қорғау, денсаулығын сақтау, болашақ ұрпаққа демократиялық негізде білім мен тәрбие беру жөніндегі барша әлемдегі озық пікірлердің тоғысқан арнасы десек, артық айтқандық емес.
Дәл осы күні болашақта адамгершілікке, әділдікке, баянды өмірге толы қоғам құру үшін оның негізі - балаларға барлық жағдай жасау керектігі тағы да паш етіледі.