Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әскери кафедрасына Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің депутаты отставкадағы генерал-лейтенант А.Б. Тасбулатов бастаған "Нұр Отан" партиясының өкілдері келіп кетті.

13.07.2018

Көрулер: 3587

2018 жылдың 13 шілдесінде  Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әскери кафедрасында "Нұр Отан" партиясының мүшесі Парламент Мәжілісінің депутаты  отставкадағы  генерал-лейтенант А.Б. Тасбулатов, «Нұр Отан» партиясының  Алматы қаласындағы филиалының саясаттану бөлімінің меңгерушісі  К.Т.Табеев,  Алматы қаласының Бостандық ауданының әкімінің орынбасары  М.Е. Балбаева  әскери кафедраның қызметкерлерімен кездесу өткізді.   

Жиналыс барысында  генерал-лейтенант А.Б. Тасбулатов Қазақстан Республикасының  Парламент  Мәжілісінде Қарулы күштерінің ардагерлерін, әскери қызметшілердің және олардың отбасларының  әлеуметтік  құқықтарын қорғау  туралы  жұмыстары жайлы баяндады, сонымен қатар Парламент  Мәжілісінің және «Нұр Отан» партиясының  фракциясының Еліміздің егемендігімен қорғанысы туралы  заңшығару ынтасы туралы сұрақтарына тоқталды.

Әскери қызметшілердің әлеуметтік кепілдері  мен тұрғын үй мәселелері жайлы шолып өтті.

Өзінің сөз сөйлеуінде генерал-лейтенант А.Б. Тасбулатов Алматы қаласының оқушылары мен студенттерінің патриоттық сезімде тәрбиелеуінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әскери кафедрасының үлкен жұмысын атап өтті.

Жас ұрпақтың патриоттық сезімде тәрбиеленуі  барлық мемлекеттік  және қоғамдық ұйымдардың  басым бағытының бірі болып табылатынына тоқтады. 

Кездесу барысында қонақтар әскери кафедраның  әскери-патриоттық жұмыстары Орталығының қызметімен және Республикалық әскери-патриоттық  "Сарбаз" газетінің  корреспонденттік пунктімен танысып олардың жұмысына жоғарғы баға берді.