«Даңқты тарих - ұлы болашақ!»

23.11.2018

Көрулер: 3246

2018 жылдың 23 қарашасында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әскери кафедрасында профессорлық-оқытушы құраммен және оқу-көмекші қызметкерлермен Ел басының "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласын талқылау өткізілді.

Талқылаудың басты кезеңінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әскери кафедрасының бастығы полковник О.В. Ажимов мақаланың мазмұны бар презентация ұсынды, біздің Президентіміздің көз қарасы Қазақстандық жас ұрпақты тәрбиелеуге еліміздің алуан түрлі көпөлшемді тарихының мәнін түсініп қабылдау екендігін айтып кетті.   

Өзінің сөз сөйлеуін полковник О.В. Ажимов  «Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі дегеніміз осы.»  Н.А.Назарбаевтың жарық пікірімен аяқтады.

Оқытушылар запастағы полковник Алиев К.Е., запастағы полковник Иханбаев Б.М., запастағы подполковник Воронина В.В. запастағы подполковник Суюндыков К.Е. сөз сөйлеу барысында – Отанымыздың тарихының маңызына ерекше көңіл аударып мақаладағы күрделі тарихи кезеңдермен оқиғаларды жастарға міндетті түрде түсіндіру керектігін айтып кетті.   Біздің мемлекеттігіміздің дамуының идеологиялық тұғырнамасы болып табылады. Қазақстан тарихын терең оқу жастардың патриоттық сезімін,  өз Отанына мақтанышын тәрбиелейді!

Іс шараның қортындысында, оқу взводтарда ұжым бойынша мақаланы  талқылау және Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне студенттік рефераттар жарысын өткізу ұсынылды.