ҰО "Бөбек" гимназиясының оқушылары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әскери кафедрасында

22.11.2018

Көрулер: 3619

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 85 – жыл мерей тойының қарсаңында  және әскери кафедраның 85-жылдығына орай  іс шаралар жиынтығы жоспарланған. Еліміздің алдынғы қатардағы Жоғарғы оқу орны, халқымыздың еңбек және жауынгерлік ерліктері, тарихи  батырлықтары бойынша насихатау. Осы жоспардың шегінде 2018 жылдың 20 және 21 қараша аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әскери кафедрасында ҰО "Бөбек" гимназиясының жоғарғы сынып оқушыларына Ашық есік күні өткізілді.  

Кездесудің басты кезеңінде оқушылармен  әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әскери кафедрасының бастығы полковник О.В. Ажимов сөз сөйледі.    Қазақстанның көне  университеті  әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарихына тоқталып, университеттің жетістіктерімен даму бағыттары туралы әңгімеледі.  Бүгінгі таңда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әлемнің үздік  университеттерінің топ-220 арасына кіреді, сонымен қатар 16 факультеті, 7 ҒЗИ, ғылыми-технологиялық паркі, 30 ғылыми орталықтары, заманауи ғылыми кітапханасы, 14 оқу корпустері, 16 жатақханасы,  «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы бар. 

Факультеттерде 81 мамандықта бакалавриат және магистратураның  84 бағдарламасы  бойынша студенттер оқиды. Университеттің әскери кафедрасында 17 әскери есеп мамандықтары бойынша ер студент балдар оқиды, ал  2015 жылдан бастап  5 әскери есеп мамандықтары бойынша қыз студенттердің қаблдауы бастады.

Әскери кафедраның оқу-материалдық  базасын көрсету барысында жоғарғы сыныпшылар тактикалық, техникалық, атыс, барлау дайындығы, әскери психология және байланыс аудиторияларымен  танысты. ӘШҚҚ Құрлық әскерлерінің және мото-атқыштар әскерлерінің  жауынгерлік-оқу техникасы көрсетілді.  Оқушылардың ерекше қызығушылықтары интерактивтік лазерлік тирдің жұмысына, динамикалық  ЖҰМ-2  тренажорына, ПЗРК электрондық жаттықтырушыға  аударылды.  Әскери кафедраның  Әскери-патриоттық тәрбиелеу орталығында  Қазақстанның Халық Қаһарманы Б.Момышұлы және  С.Нурмагамбетов атындағы аудиториялар, "Сарбаз" Республикалық әскери-патриоттық газетінің корреспонденттік  пункті орналасқан, осында оқушылармен Қазақстан Республикасының  Қарулы Күштерінің тарихы және Қазақстан-батырлары туралы лектории өткізілді.  Іс-шараның аяқталуында  әскери кафедраның студенттері саптық тәсілдерді,  салтанатты шеруді,  әнмен шеруді  көрсетті.