Программа действий!

10.10.2018

Көрулер: 3020

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әскери кафедрасында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» халыққа жолдауының негізгі ережелерін ұжыммен талқылау жиналысы өткізілді.     

Жиналысты ашарда, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әскери кафедрасының бастығы полковник Олег Ажимов бас бағдарламалық құжаттың негізгі түйіні 2019 жылы Қазақстан Республикасының дамуы екендігін көрсетіп,  Президенттің Қазақстан халқына жаңа жолдауы  өз мағынасымен маңызды, еліміздің және халықтың бас проблемаларын айқын көрсететіндігін айтып өтті.

Жолдауды талқылау барысында, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мұғалімнің мәртебесі туралы заңды қабылдаудағы ынтасына байланысты, қазіргі кезеңдегі запастағы офицерлерді даярлауда педагогикалық қызметтің мәні белгіленді және профессорлық-оқытушы құрамының функционалдық міндеттерін орындауында мұғалімнің  беделді мамандығын ұлғайту жолдары  көрсетілді.

Әскери кафедраның қызметкерлері Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» халыққа жолдауын заман талабының шарттарына сай қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуіне бағытталған мемлекет саясатының логикалық жалғасы деп санайды