Тәрбие мен кәсіби бағыт - егіз ұғым!

25.05.2018

Көрулер: 4577

Әл-фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Алматы қаласының студент жастары мен оқушыларын әскери-патриоттыққа тәрбиелеу бойынша іс-шаралар жүйелі түрде жүргізіліп тұрады. Аталмыш іс-шаралар тек қана тәрбиелік бағытты ғана емес, жоғары сынып оқушыларының болашақ өмір жолы мен мамандығын таңдауға қажетті кәсіби бағыттағы жұмысты да қамтиды.

Сонымен, ағымдағы жылдың 24 мамырында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың әскери кафедрасында «»Технология және флористика» және «Сән және дизайн» Алматы колледждерінің оқушылары үшін Ашық күндер есігі өткізілді.

Жасөспірімдер мен қыздар әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық унверситеті мен оның әскери кафедрасы туралы фильмді тамашалап, тарихы мен түлектерінің жетістіктері жайлы көп мағлұматтар алды.

Сондай-ақ, оқушылар әскери кафедрада ӘШҚҚ және мотоатқыштар әскерлерінің оқу-жаттығу полигондарымен, атыс қаруының көрмесімен, зенит атқыш және БМП-2 механик жүргізушісінің тренажерларымен танысты. Әрбір оқушыға интерактивті лазерлік тирде атудың әртүрлі жаттығуларын орындауға мүмкіндік берілді.

Әскери кафедраның оқу-материалдық базасын көрсету кезінде жоғары сынып оқушылары Қазақстан халқының батырлары С. Нұрмағамбетов пен
Б. Момышұлы атындағы атаулы аудиториялармен және тактикалық, техникалық, атыс дайындығы, әскери топография мен байланыс аудиторияларымен танысты. Мотоатқыштар әскерлері мен ҚӘ ӘШҚҚ әскерлерінің оқу-жауынгерлік техникасы көрсетілді. БМП-2 динамикалық тренажері мен зенит атқыштың электрондық тренажерының жұмысы оқушылардың ерекше қызығушылығын оятты.