Әскери-патриоттық "Сарбаз рейс - 2018" ойнында бірінші орын!

22.10.2018

Көрулер: 3234

2018 жылдың 20 қазанында  ҚР ҰҚК Шекара қызметі Академиясының базасында Алматы қаласының Жастар саясатын дамыту мемлекеттік фондының қамқорлығымен студенттер жастарының арасында Әскери-патриоттық "Сарбаз рейс - 2018" ойыны өткізілді.

Алматы қаласының барлық  ЖОО-ның командалары таудағы дайындық элементтері бар арнайы бақылау жаттығуларын орындауымен  бәсекелесті.

Жеткілікті қиын кедергілер жолағы өзіне жасанды және психологиялық кедергілерін, өткел және түсу, арқан кезеңдерін қосты.

Үлкен аралықпен бірінші орын жүлдегері болып әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әскери кафедра командасы ие болды, олай болмауы мүмкін емес еді, өйткені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әскери кафедрасында студенттерді даярлауына моральді-психологиялық, дене шынықтыру дамуына және әскери-патриоттық тәрбиелеуге ерекше назар аударады, бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Қорғаныс министірінің критериялары қазіргі заман жастарын тәрбиелеу  және сапалы дайындауын талап етеді.

Куаныш Куралай мен Пархат Айшуак қыз студенттерінің жоғарғы деңгейдегі  дене шынықтыру мен моральді-психологиялық  дайындығын ерекше атап өту дұрыс, олар ер балдармен қатар барлық сынақтрдан абыроймен өтті.