Әскери кафедрада мерекелік жиын болып өтті

04.05.2018

Көрулер: 3877

Бүгін алда келе жатқан айтулы мерекелеріміз – Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңіс күнін мерекелеу қарсаңында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әскери кафедрасында профессорлық-оқытушылар құрамымен салтанатты жиын болып өтті.

Салтанатты жиында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті әскери кафедрасының бастығы полковник Ажимов Олег Вали-Ахметұлы жеке құрамды ұлы мерекелерімен құттықтап, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғаннан күнінен бастап қазіргі күнге дейінгі жеткен жетістіктеріне тоқталды.

Мереке қарсаңында әскери кафедра бастығының бұйрығымен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, оның ішінде әскери кафедрамызда запастағы офицерлерді дайындау ісіне өлшеусіз үлес қосқан бірқатар запастағы офицерлер ұлықталып, мақтау қағаздарымен наградталды. Әскери кафедра бастығының орынбасары полковник Тоекин Мұрат Рафихұлы, запастағы полковник Жұмаділов Серік Бапанұлы және запастағы подполковник Кузьмин Сергей Иванович әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ректорының «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне – 80 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.

Бүгінгі күнде қиындығы мен қызығы қатар жүретін, Отанды қорғау деген мамандықта жан аянбай еңбек етіп жүрген әскери қызметшілерге әскери кафедра студенттері естен кетпес, тарихи тағылымға толы концерттік бағдарламаларын ұсынды. Ұлы Жеңіс күндерінен патриоттық әндер шырқалып, жан тебірентерлік қойылымдар қойылды.