Марапаттаулар мен кафедра жетiстiгi

 

 

«Мәңгілік Ел» ғылыми негіздері (XXI ғасырдың білімі, гуманитарлық ғылымдар саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер) бағытында 01.10.2020 ж. – 31.12.2022 ж. (27 ай) аралығында «Абай ілімін білудің, түсінудің және қолданудың ғылыми негіздері мен теориялық тетіктері» атты ғылыми жоба Абай институтының директоры, ф.ғ.д., профессор Жаңғара Дадебаевтың жетекшілігімен жүзеге асырылуда.

 

  • Жобаның мақсаты Абай ілімін білудің, түсінудің және қолданудың ғылыми негіздері мен теориялық тетіктерін анықтау болып табылады.

 

  • Жобаның идеясы – Абай ілімін білудің, түсінудің және қолданудың ғылыми негіздері мен тетіктерін жасау арқылы Қазақстанның рухани, зияткерлік әлеуетінің дамуына, артуына үлес қосу. Шешу көзделетін мәселелер жобаның идеясынан туындайды. Әр мәселенің шешімі ғылыми негізделген және өлшемді нәтиже болады деп күтіледі.
   
 Докторант Таубаев Жарас жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша PhD докторы ғылыми дәрежесін алды

 Кафедрамыздын окытушысы Гулсим Сейлханкызы Ы.Алтынсарин атындагы белгимен марапатталды!

Кафедра ужымы устазымызды шын журектен куттыктайды!

 

  

2022 жылдың сәуір айының 06 жұлдызында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» атты студенттер мен жас ғалымдардың VII халықаралық ғылыми конференциясында «Жас ғалымдар» секциясында ғылыми баяндама жасап, екінші орын иегері болған филология факультеті, «Аударма ісі (батыс тілдері)» мамандығының 1 курс магистранты Муратова Айгерим Муратовна.

Баяндама тақырыбы: «Қазақ-өзбек әдеби байланыстары».

Ғылыми жетекшісі: Қазыбек Гүлмира Құдайбергенқызы. 

 

 

«6В02304 – Аударма ісі (Батыс тілдері)» мамандығының студенті Ажгалиева Альфия Бекжанқызы «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» студенттер мен жас ғалымдардың VII Халықаралық ғылыми конференциясында «Филология, лингводидактика және аударма ісі» секциясындағы «Мәдени құзыреттілік» тақырыбындағы баяндамасы үшін III дәрежелі дипломмен марапатталды.

Ғылыми жетекшісі: Беркімбаева Сәуле Кенжебекқызы.
   

Мұхаметжанова Адель Талғатқызы «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» студенттер мен жас ғалымдардың VII Халықаралық ғылыми конференциясында «Филология, лингводидактика және аударма ісі» секциясында «Тіл және ойлау: Сепир-Уорф гипотезасы» тақырыбындағы баяндамасы үшін II дәрежелі дипломмен марапатталды.

Ғылыми жетекшісі: Беркімбаева Сәуле Кенжебекқызы.
   

2022 жылдың сәуір айының 06 жұлдызында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» атты студенттер мен жас ғалымдардың VII халықаралық ғылыми конференциясында жас ғалымдар секциясында ғылыми баяндама жасап, үшінші орын иегері болған филология факультеті, «Аударма ісі (батыс тілдері)» мамандығының 1 курс магистранты Шәмілхан Аяулым Шәмілханқызы.

Баяндама тақырыбы: «Қазақ-түрік әдеби байланысы».

Ғылыми жетекшісі: Қазыбек Гүлмира Құдайбергенқызы.

   

2022 жылдың наурыз айының 03 жұлдызында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің «З.Ахметов және қазақ әдебиетінің өзекті мәселелері» атты халықаралық Жас ғалымдар конференциясында мазмұнды баяндама жасап, үшінші орын иегері болған әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, филология факультеті, «Аударма ісі (батыс тілдері)» мамандығының 1 курс магистранты Муқан Мағауия Нурғалиұлы.

Баяндама тақырыбы:

«Қазақстандағы дубляж аударманың ерекшеліктері».

Ғылыми жетекшісі: Қазыбек Гүлмира Құдайбергенқызы

   

«6В02304 – Аударма ісі (Батыс тілдері)» мамандығының студенті Әбдіқалық Ислам Әбдікәрімұлы «Филология, лингводидактика және аударма ісі» секциясында студенттер мен студенттердің VII Халықаралық ғылыми конференциясында «Кокни диалект санатына жатадыма және ол заманауи ағылшын тіліне қалай әсер етті» атты баяндамасы үшін II дәрежелі дипломмен марапатталды. жас ғалымдар «ФАРАБИ ӘЛЕМІ».

Ғылыми жетекшісі: Шарипова Гульнара Султанбековна.
   
   
   
   
   
   

 

 

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының профессоры Есембеков Темиргали "Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін" төсбелгісімен марапатталды! Аталған төсбелгіні Филология және әлем тілдері факультетінің деканы, профессор Өмірхан Абдиманұлы табыстады!
Ағайымызды шын жүректен құттықтаймыз!!!!!!

  

Кафедра оқытушылары Шаршова Р.Н. и Дайрабекова Г.К. 10.06.2019 - 26.07.2019 ж.
 «Өрлеу» ұлттық білім беру орталығында (260 часов) «Өрлеу» білім беру бағдарламалары 
мен оқытушыларының біліктілігін арттыру курсын  аяқтады(260 часов).
 
   

  

 
23 Қараша 2018 жылы  Аль-Фараби атындағы ҚазҰУ-де Көрнекті әдебиетші ғалым, ұстаз, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Жоғары мектеп Ұлттық ғылым академиясының, Қазақстан Республикасы Білім академиясының, Халықаралық Жоғары мектеп ғылым академиясының, Халықаралық Айтматов академиясының академигі Жаңғара Дәдебаевтың 70 жылдығына арналған “XXI ғасырдағы филология ғылымдары: Ұлттық код және көркемдік таным” атты Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясы өтті.
   Көрнекті әдебиетші ғалым, ұстаз, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Жоғары мектеп Ұлттық ғылым академиясының, Қазақстан Республикасы Білім академиясының, Халықаралық Жоғары мектеп ғылым академиясының, Халықаралық Айтматов академиясының академигі Жаңғара Дәдебаев Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Құрмет медалімен марапатталды.
    әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің ұстазы Сүлейменова Гүлсім Сейілханқызы Қарашаңырақта 50 жыл бойы қызмет атқарып келе жатқан ұстаз.
   Филология және әлем тілдері факультеті Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасы «Аударма ісі» мамандығының 2-магистарнті Юлия Кацман «Айналаңды нұрландар!» Жобасы аясында кітабінің тұсаукесері.
   10 Қараша күні 2018 жылы Алматы қаласының жоғары оқу орындары мен басқа да білім беру мекемелері арасында «Новицы» дебат турнирі өтті. Біздің кафедраның студенттері осы іс-шараға белсенді қатысты! Придатко Ангелина (Аударма ісі 1-курс) жартылай финалға іріктеу турларында барынша көп ұпай жинады, Сағынбаева Нұрсұлу (Аударма ісі 1-курс)
Факультет бойынша біздің кафедраның шетел филологиясы мамандығының 2 курс магистранты Қалиева Марал Президенттік степендия алатын болыпты. Құттықтаймыз!