Академиялық ұтқырлық және сынақ мерзімін өткізу

Академиялық ұтқырлық 

 

Пандемия кезеңінде білім беру ұйымдарында COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту жұмыстары білім алушылар мен тәрбиеленушілердің, педагогтердің, білім беру ұйымдарының басқа да қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында өз нәтижесін көрсетіп жатыр.

 

Коронавирустық пандемияның жоғары білім жүйесіне әсері әр аймақта әртүрлі, әйтсе де тоқтап қалған жоқ. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ академиялық ұтқырлық саласында белсенді қызметін одан әрі жалғастырып жатыр. Филология және әлем тілдері факультеті Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасында 2020-2021 оқу жылының 1 семестрінде Волгоград мемлекеттік университетінің (Ресей) 1 курс магистранты Обухова Марина және 2 курс магистранты Лебская Дарья «6В02303 - Шетел филологиясы» ББ бойынша білім алды. Қазақстан мен Ресей арасындағы сағат айырмашылығына қарамастан магистранттар онлайн форматтағы сабақтардың бәріне толық қатысты. Семестр соңында емтихандарын сәтті аяқтап, университетке, кафедра оқытушыларына алғыстарын айтып, семестрді аяқтағандығын дәлелдейтін құжат алды.

 

Лебская Дарья: «Транскрипт үшін үлкен рахмет! Сізге сондай-ақ мәселелерді шешуде қолғабыс еткеніңіз үшін алғыс айтқым келеді. Сіздің университетте білім алу маған қатты ұнады. Барлық оқытушылар өте жақсы, сабақтарды қызықты өткізеді. Рахмет! :)»

   


Студенттің аты-жөні

Оқу бағдарламасы

Оқу деңгейі (бакалавриат / магистратура)

Курс

Студент алмасу бойынша оқыған ел мен университет, оқу мерзімі

1

Садуакас Аружан

Академиялық ұтқырлық

Бакалавриат

Санкт-Петербург, Ресей Федерациясы

01.02.2020 - 30.06.2020

2

Сулейменова Ардак

Академиялық ұтқырлық

5В020700 – Аударма ісі

Испания

3

Сагимбаева Нурсулу

Академиялық ұтқырлық

Бакалавриат

Польша, Варшава қаласы

Варшава университеті

01.10.2019- 10.02.2020

4

Рыскельдина Диана Ураловна

Erasmus+

Магистратура

7М020700 – Аударма ісі

2

Италия, Венеция қаласы

Ca' Foscari University 

2 семестра

5

Арыстанбек Жанерке Ержанқызы

Erasmaus+

Магистратура

7М020700 – Переводческое дело

2

Италия, Венеция қаласы

Ca' Foscari University 

1 семестр

6

Болат Айгерим

Ғылыми тағылымдама

Магистратура

2

Нидерланды, Тилбург қаласы

7

Жалгасбаева Гулфайруз Джамбулькызы

Ғылыми тағылымдама

Магистратура

2

Тилбург Университет

8

Еркін Манзура

Ғылыми тағылымдама

Магистратура

2

13.01.2020-24.01.2020

 

 Сагимбаева Нурсулу

Польша, Варшава қаласы

Варшава университет

https://en.uw.edu.pl/

 

 


 

Варшава - шетелдіктердің көптігі үйреншікті жағдайға арналған қала, сондықтан маған бейімделу қиын болған жоқ. Сонымен қатар, поляк тілі орыс тіліне біршама ұқсас. Мен білім беру сапасын, студенттерге деген мейірімді және ұқыптылықты, қаладағы бағаларды және олармен танысқан адамдардың барлығын қатты бағалаймын.

 

 

   
Арыстанбек Жанерке
«6М020700 - Аударма ісі»
мамандығының 2-курс магистранты
Менің Эрасмус+ бағдарламасы бойынша тәжірибем
Ca' Foscari University 
https://www.unive.it/pag/13526  

 

Адам не ойласа, сол болады. Әр жылдың соңында мен келесі жылға арнап жоспарлар мен мақсаттар қоямын. Бұған дейін АҚШ елінде болып, енді келесі мақсатым  Еуропа болатын. Көп ұзамай студенттер алмасу бағдарламасының үміткері болғанымды білдім және Венецияның жүрегінде 1868 жылы құрылған Ка Фоскари атты Италияның жетекші ЖОО-нда оқуға мүмкіндік алдым.

 

Венецияға ұшып келген алғашқы сәттен басқа әлемге түскендей болдым: көлік жолдары мен машиналар каналдар мен қайықтарға алмасты, үйлер мен ғимараттар сарайлар мен палаццоларға айналды, ал кең көшелер тарылып, ұсақ көшелерге ауысты. Бірақ, осы өзгерістерге қарамастан, қалаға тез үйренесің. Қала туралы, оның ерекше архитектурасы мен қайталанбас атмосферасы туралы шексіз жаза беруге болады, бірақ мен өзім білім алған университетке жеке тоқталғым келеді.

 

Ка Фоскари – әлемнің барлық студенттері оқитын алдыңғы қатарлы білім беру орталығы. Оқуға қойылатын жоғары талаптарға қарамастан, университет ұжымы өз студенттерінің әлеуметтік-мәдени дамуына да ерекше көңіл бөледі. Университет шетелдік студенттерге арнайы бағдарламалар ұсынады, Падуя, Верона, Тревизо және т.б. жақын қалаларға турлар жасайды, сондай-ақ, әр демалыс күндері итальяндықтардың тарихы мен мәдениетімен жақынырақ танысу үшін әр түрлі тақырыптық кештер өткізеді. Сонымен қатар, ұйымдастырушылар студенттердің де ұлттық-мәдени құндылықтарын қолдайды. Мысалы, оқу басталмаған алғашқы күндері университет әкімшілігі шетелдік студенттер үшін Welcome Day ұйымдастырып, олардың сүйікті отандық әндерін таңдауын сұрады. Ең бастысы, білім беру жүйесіне тоқталсақ, ол барлық әлемдік стандарттарға сәйкес келеді. Бұл пікірімді Ка Фоскари әлемнің үздік университеттерінің тізімінде тұрған әлемдік рейтингтер дәлелдейді. Білім беру жүйесі бізден көп ерекшеленеді, дегенмен бізге өте қолайлы болды. Сіз үйренгіңіз келетін пәндерді және оқытушыны өзіңіз таңдайсыз. Сондай-ақ, университет кітапханасын бөлек атап өткім келеді, оның кітап сөрелерінде миллионнан астам кітап жинақталған.

 

Соңында біздің университетке осындай мүмкіндік үшін алғыс айтқым келеді. Венецияда оқыған жарты жыл ішінде мен өмір бойы мол тәжірибе мен керемет әсер алдым.

 

Аударма ісі мамандығының 3-ші курс студенті Төлеубаева Айым

Испания, Кадис қаласы

Universidad de Cádiz

https://www.uca.es/


Аль-Фараби атындағы Ұлттық университетте екінші оқу жылы мен үшін арман болды. Бір семестрді академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Испанияның ең танымал жоғары оқу орындарының бірі - Кадис университетінде өткізуім сәттілік болды. Бұл уақыт жаңа ақпараттарға, білімге, таныстарға толы болды және әрдайым осындай әсем және ерекше жердің тілі мен мәдениетін үйренуге деген құлшынысты тоқтатпады. Осы алған тәжірибе мен үшін өте құнды болды, өйткені мен Испанияны өз бетіммен танып, жергілікті адамдармен сөйлесуге, әлемнің түкпір-түкпірінен келген студенттермен танысуға, өз ісінің мамандарынан сабақ алуға, күн мен мұхитпен тамсануға мүмкіндік берілді. Кадисте оқу менің ой-өрісімді кеңейтті және мені көптеген қырларынан тәрбиеледі. Ең бастысы, маған осы керемет тілді әрі қарай үйренуге деген құштарлығымды оятты.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің 4 курс студенттері Тулегенова Жания мен Мамбетова Шынар Испанияның Кадис университетінде бір семестр оқып келді (13.02.18-08.07.18). «Аталған оқу орнында білім алу барысында біз құнды тәжірибе мен көптеген жағымды әсерлер алдық. Сондай-ақ, біз Испан елінің мәдениетімен, еуропалық білім беру жүйесімен жақынырақ таныстық. Жинаған тәжірибеміз алдағы уақытта өмірімізге пайдасын тигізеді деген сенімдеміз. Біздің сапарымыз бойынша теріс пікір айту өте қиын. Испан елінде білім алған уақытта алған әсерлеріміз естен кетпестей өте ерекше болды.



ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
1. 

Утрехт Университеті, Нидерланды

Utrecht University, the Netherlands

https://www.uu.nl/en   
2. 

М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік Университеті

Мәскеу, Ресей Федерациясы

 https://www.msu.ru/  

 3. 

 

 

Нитра қаласындағы Константин философ атындағы Университет, Словакия

Univerzita Konštantína Filozofa v Nitre

 https://www.ukf.sk/ru/  

 4. 

 

Малайзиядағы Ноттингем Университеті

University of Nottingham Malaysia Campus

 

https://www.

nottingham.edu.

my/

 

 5. 

 

Committee for Multilingual Teaching, Research, and Learning

Washington DC, the USA

https://depts.

washington.edu/

cmtrl/index.php

 
 6. 

Мэриленд Университеті,
АҚШ

 

University of Maryland, College Park

 https://www.umd.edu/  

 

 

 

Жыл сайын кафедрада халықаралық деңгейдегі жоғары оқу орындарынан шетелдік қызметкерлерді шақыру арқылы конференциялар, симпозиумдар мен жиналыстар өткізіледі.