Жаңалықтар

«Дарын» республикалық ғылыми жарыстарының жеңімпаздарын және жүлдегерлерін құттықтаймыз

25.02.2010

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті болашақта дарынды және қабілетті студенттер контингентін қалыптастыру мақсатында «Дарын» ғылыми-практикалық орталық өткізіп жатқан республикалық ғылыми жарысқа қатысушылар арасында ҚазҰУ студенттер қатарына кіру үшін іріктеу айналымын өткізді. ҚазҰУ студенттер қатарына кіру үшін іріктеу айналымы 24-25 ақпанда «Алатау» санаториясында өткізілді.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ халықаралық қарым-қатынастарды нығайтуда

23.02.2010

Таяуда ҚазҰУ өкілдерінің АҚШ-қа сапары аяқталған еді. ҚазҰУ ректоры Бақытжан Жұмағұловтың басшылығымен қазақстандық ғалымдар мен топ-менеджерлер Вашингтонның академиялық және бизнес саласының өкілдерімен кездескен болатын. Аталмыш кездесу АҚШ-тағы ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі Ерлан Ыдырысов пен БҰҰ-ғы ҚР-дың Тұрақты Өкілі Бірғаным Әйтімованың қолдауымен ұйымдастырылды.

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 15.02.2010 – 20.02.2010

23.02.2010

  • ҚазҰУ-да «әл-Фараби - 2010» Олимпиадасының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
  • Лондонда (Ұлыбритания) әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Түлектер қауымдастығының бөлімшесі ашылды.
  • Хабарландыру: «Жастардың инновациялық жобалары» Республикалық байқауы.
  • ҚазҰУ-да «Қазақстанның ұлттық идеясы: мәселені шешу жолдары» атты оқулықтың тұсаукесері өтті (журналистика факультеті).
  • ҚазҰУ ректоры Колумбия университетінде дәріс оқыды.

Ары қарай оқу >>

«Даму» Кәсіпкерлікті Дамыту Қоры» АҚ-ның әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі ашық есік күні

22.02.2010

18.02.2010ж. «Даму» Кәсіпкерлікті Дамыту Қорының өкілдері экономика және бизнес факультеттің студенттерымен кездесуі өтті. Студенттер "Даму" қорының тарихы, негізгі кезендері және бағыттарымен танысты. "Даму" қорының құрылымдық бөлімшелердің басқарушылары «өндірістік практика-сынақ мерзімін өткізу-жұмысқа орналастыру» жаңа жобаның презентациясын өткізді.

Ары қарай оқу >>

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Білім беру жүйесінің үздік үрдісін жасаушы» және «Өз жетістіктер туралы ең үздік баяндама» атты халықаралық дипломдармен марапатталды

22.02.2010

Мансап секторы Білім және Ғылым Министрлігінің және Астана қаласының әкімдігінің ресми қолдауымен 17-19 ақпан күндері өткен «XXI ғасырдағы Білім және Ғылым -2010» көрмесіне қатысты.
Бұл көрменің мақсаты: білім берудің барлық сатыларындағы жетістіктерімен, оқытудың заманауи технологиялық әдістерімен, жаңа оқу бағдарламалары мен жаңа дәуірлік оқу-әдістемелік кешендерімен танысу және бітіруші жас мамандардың өз білімін іс жүзінде қолдануда демеу жасау болды.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ дарындыларды іздеуде

22.02.2010

2010 жылдың 16 ақпанында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Әл-Фараби» Олимпиадасының салтанатты ашылуы болды.
Олимпиаданы салтанатты түрде ҚазҰУ проректоры М.К. Орынханов пен Алматы қаласы Білім Басқармасының бастығы Р.С. Шимашева ашты.

Ары қарай оқу >>

Үздік студенттер құрылтайы

18.02.2010

25 ақпанда Ө. А. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың үздік студенттерінің слеті өтеді.
Оқу үздіктері - кез-келген жоғары оқу орнының мақтанышы, жауапкершілік, еңбекқорлық пен алдыға қойған мақсаттарға жетуге ұмтылғандар. Өмірде өз орнын сәтті табуда оқуда үздік болудың орны зор. Сондықтан болашақта кәсіби білікті мамандарды тәрбиелеп шығаруда үздіктер құрылтайының қосар үлесі зор.

Ары қарай оқу >>

АҒАРТУШЫ. ҒАЛЫМ. ПЕДАГОГ. ТҰЛҒА

18.02.2010

2010 жылдың 23 ақпанында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да қазақтың көрнекті педагог психологы, республикадағы педагогика ғылымының тұңғыш докторы, профессор, Қазақ КСР ғылым академиясының академигі Төлеген Тәжібайұлы Тәжібаевтың 100 жылдық мерейтойы аталады.

Ары қарай оқу >>