Үздік студенттер құрылтайы

18.02.2010

Көрулер: 3350

25 ақпанда Ө. А. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың үздік студенттерінің слеті өтеді.

Оқу үздіктері - кез-келген жоғары оқу орнының мақтанышы, жауапкершілік, еңбекқорлық пен алдыға қойған мақсаттарға жетуге ұмтылғандар. Өмірде өз орнын сәтті табуда оқуда үздік болудың орны зор. Сондықтан болашақта кәсіби білікті мамандарды тәрбиелеп шығаруда үздіктер құрылтайының қосар үлесі зор.

Құрылтай барысында «Үздік зерттеуші», «Үздік көшбасшы», «Үздік спортшы» және «Үздік муза» номинацияларының жеңімпаздарын қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Роза Рымбаева, белгілі спортшы олимпиаданың жүлдегері Ермахан Ибрагимов, ҚР ҰҒА академигі М. Әбділдин, Алматы қаласы Жастар ісі жөніндегі басқарма бастығы Б. Макен құттықтайды.

Қазақ ұлттық университеті әрқашан өзінің үздік түлектерін мақтан тұтқан. Сондықтан да құрылтайға ҚазҰУ түлектері лениндік, сталиндік, киров шәкіртақысының және олардың қазіргі ізбасарлары атанған «Алтын белгі» иегерлері шақырылды.

Кездесу барысы ҚазҰУ-дың үздіктеріне арналған үлкен гала-концертпен аяқталады.

Мерзімі және өтетін күні: 2010 жылдың 25 ақпаны, сағ. 16.00. Ө. А. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайы.

ҚазҰУ-дың Баспаөз қызметі (727) 377 35 20