Жаңалықтар

«Қазақ газеттерінің» 10 жылдық табысты еңбегі!

13.03.2010

11 наурызда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Қазақ газеттері» ЖШС-ның құрылғанына 10 жыл толуына байланысты «Қазақстан қоғамындағы ақпараттық процестер: PR, БАҚ менеджменті және маркетингі» атты халықаралық ғылыми-практиалық конференциясы өтті. Аталмыш шараны ҚазҰУ-дың журналистика факультеті ұйымдастырған болатын.

Ары қарай оқу >>

«БІРГЕМІЗ! БІЗ ШЫЛЫМ, ІШІМДІК ПЕН ЕСІРТКІНІ ЖЕҢЕМІЗ» АКЦИЯСЫ

11.03.2010

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының ұлттық орталығы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен бірлесе отырып 2009 жылы жоғары оқу орындары мен колледж студенттері арасында «БІРГЕМІЗ! БІЗ ШЫЛЫМ, ІШІМДІК ПЕН ЕСІРТКІНІ ЖЕҢЕМІЗ» атты Республикалық жастар кампаниясын өткізді.

Ары қарай оқу >>

«Қазақ газеттері» медиахолдингі 10 жаста!

10.03.2010

11 наурызда сағ. 10.30-да әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде «Қазақ газеттері» ЖШС-ның құрылғанына 10 жыл толуына байланысты «Қазақстан қоғамындағы ақпараттық процестер: PR, БАҚ менеджменті және маркетингі» атты халықаралық ғылыми-практиалық конференциясы өтеді. Аталмыш шараны ҚазҰУ-дың журналистика факультеті ұйымдастырып отыр.

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 01.03.2010 - 06.03.2010

10.03.2010

  • ҚазҰУ-да неміс профессоры Герд Велинг дәріс оқыды. (ХҚФ).
  • ГФР-дың Төтенше және Өкілетті Елшісі Райнер Ойген Шлагетердің қатысуымен «Елшілік сағаты» өтті (ХҚФ).
  • Астанада ҚазҰУ профессоры Ләйлә Ахметованың кітабының тұсаукесері өтті (журфак).
  • ҚазҰУ үздіктерінің отырысы.
  • ҚР Білім және ғылым вице-министрі Махметғали Сарыбеков ҚазҰУ студенттерімен жүздесті.

Ары қарай оқу >>

Университет даму стратегиясындағы басты тапсырмалардың бірі – ҚазҰУ оқытушыларының біліктіліктілігін арттыруы

04.03.2010

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жаңа стратегиялық даму жоспары мен Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Жаңа менеджмент арқылы - жаңа сапалы мамандарды дайындау» тапсырмасы аясында Біліктілікті арттыру институты университетіміз оқытушыларының жақын және алыс шет елдерде біліктілігін арттыруын Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ректоры Б.Т. Жұмағұловтың басшылығымен іске асырада.

Ары қарай оқу >>

Жастар – біздің болашағымыздың кепілі

02.03.2010

25 ақпан күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Студенттер сарайында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Махметқали Сарыбеков «Жастар - біздің болашағымыздың кепілі» тақырыбында Алматы қаласының студент жастарымен кездесті.

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 22.02.2010-27.02.2010

02.03.2010

  • Қазақстанның белгілі қоғам қайраткері және ғалым Төлеген Тәжібаев 100 жаста!
  • ҚазҰУ-да жалпыуниверситеттік тіркеу бөлімі іске қосылды.
  • ҚазҰУ-да «Интеллектуалды ұлт: Білім. Ғылым. Инновациялар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
  • ҚР Білім және ғылым вице-министрі Махметғали Сарыбеков ҚазҰУ студенттерімен жүздесті.

Ары қарай оқу >>

Көрнекті қайраткер, ғалым әрі педагог Төлеген Тәжібаевтың 100 жылдығына ҒАЛЫМ. ҰСТАЗ. ТҰЛҒА

01.03.2010

23 ақпанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Қазақ КСР ғылым академиясының академигі, педагогика ғылымының тұңғыш докторы, профессор, Төлеген Тәжібайұлы Тәжібаевтың 100 жылдық мерейтойы аталып өтті. Ғылым қоғамдастығы мен университет басшылығы Университет тарихы мұражайындағы жаңа галереясында қазақтың көрнекті қайраткері әрі ғалымына арналған экспозициясы алдына гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.

Ары қарай оқу >>