«Дарын» республикалық ғылыми жарыстарының жеңімпаздарын және жүлдегерлерін құттықтаймыз

25.02.2010

Көрулер: 3205

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті болашақта дарынды және қабілетті студенттер контингентін қалыптастыру мақсатында «Дарын» ғылыми-практикалық орталық өткізіп жатқан республикалық ғылыми жарысқа қатысушылар арасында ҚазҰУ студенттер қатарына кіру үшін іріктеу айналымын өткізді. ҚазҰУ студенттер қатарына кіру үшін іріктеу айналымы 24-25 ақпанда «Алатау» санаториясында өткізілді

Республикалық ғылыми жарыстың соңғы кезеңіне республикамыздың бүкіл аймақтарынан 500 оқушының 400 астам жобалары өтті. Республикалық жарыстың қазылар алқасына Ұлттық ғылым академиясының 5 академигі, профессорлар және 37 ғылым докторлары кірді.

Жарыс төрт бағыт бойынша өткізілді - «Ғылыми-техникалық прогресс, экономикалық дамудың басты бөлімі», «Экономикалық және әлеуметтік үдерісінің математикалық үлгілеу», «Сау табиғи орта - «Қазақстан-2030» стратегиясының іске асырудың негізі», «Қазақстанның тарихи ескерткіштері - перспективалық туристік маршруттар».

ҚазҰУ студенттер қатарына кіру үшін іріктеу айналымы - бұл дарынды, ғылымға бағдарланған шығармашыл жастарды іріктеуге негізделген студенттер контингентін қалыптастырудың жаңа механизмі болып табылады.

Іріктеу конкурсы бүкіл Қазақстанның жалпы білім беру мектептері, лицейлері және гимназияларының жоғарғы сынып оқушыларының арасында тесттік жұмыс және университеттің жетекші профессорларымен әңгімелесу бойынша өткізілді. Іріктеу айналымының атмосферасы қатысушыларды адал және әділ күреске бағыттады. Іріктеу айналымының 68 жеңімпазы «Әл-Фараби» Олимпиадасына қатыса алады.

16 ақпанда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қатысуымен Қазақ ұлттық университетінде «Әл-Фараби» Олимпадасы атты жаңа жоба бастауын алды.

Қазақ ұлттық университетінің үздік профессорлары дарынды оқушыларға Алматы қаласына бармай-ақ, ҚазҰУ-ға түсуге мүмкіншілік беру үшін Қазақстанның 14 облыс орталықтарына барады. Олимпиадаға Қазақстанның бүкіл аймақтарынан мектеп оқушылары қатысады.