Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Білім беру жүйесінің үздік үрдісін жасаушы» және «Өз жетістіктер туралы ең үздік баяндама» атты халықаралық дипломдармен марапатталды

22.02.2010

Көрулер: 3444

Мансап секторы Білім және Ғылым Министрлігінің және Астана қаласының әкімдігінің ресми қолдауымен 17-19 ақпан күндері өткен «XXI ғасырдағы Білім және Ғылым -2010» көрмесіне қатысты.

Бұл көрменің мақсаты: білім берудің барлық сатыларындағы жетістіктерімен, оқытудың заманауи технологиялық әдістерімен, жаңа оқу бағдарламалары мен жаңа дәуірлік оқу-әдістемелік кешендерімен танысу және бітіруші жас мамандардың өз білімін іс жүзінде қолдануда демеу жасау болды.

«Білім және ғылым XII ғасыр-2010 » атты көрмеге 70-тен аса білім және ғылым ұйымдары Қазақстан, Турция, Чехия, Швецария,АҚШ, Үнді, Ұлыбритания мемлекетері қатысып атсалысты.

ҚР Білім және ғылым министрі «XXI ғасырдағы Білім және Ғылым -2010» VII Халықаралық көрмесінің қатысушыларын және қонақтарын қошеметтеді. Оның айтуы бойынша, Қазақстанның болашағын жас ғалымдарды және мамандарды сапалы ұлттық дайындайтын жүйесіз, тиімді жұмыс істейтін экономикасыз, фундаментальді ғылыми зерттеу дамыған инфрақұрылымсыз көру мүмкін емес.

Қазақ ұлттық университеті халықаралық көрмеде сәтті таныстырылды және білім саласында үздік дәстүрді құрғаны үшін және өз қызметін үздік таныстырғаны үшін дипломмен марапатталды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті көрме қатысушыларына университетке, ғылымға, білім беру үдерісіне, студенттік өмірге арналған стендтерді, сонымен қатар университеттің 75-жылдығына арналған кітаптарды «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Болашақтың университеті», «Қазақстан болашағы - жастар», «Элективті пәндер каталогы» және тағы басқаларын көрсетті. Ата-аналар және абитуриенттер университетің және «Әл-Фараби» Олимпиадасының видеороликтерін қызығушылықпен тамашалады.

Көрмеге 10000 жуық абитуриенттер және ата-аналар қатысып, Қазақ ұлттық университетінің стендіне ерекше ықыласпен келді. Оқушылардың көбісіне әл-Фараби атындағы ҚазҰУ таныс болды және олар сайтта тіркеліп, 28 ақпанда Астана қ. өтетін «Әл-Фараби» Олимпиадасына қатысуға дайындық үстінде. Басқа университет студенттері магистратура мамандықтарымен танысып, болашақта мемлекеттің жетекші университет қабырғасында оқуыды жалғастыруды қалады. PhD-докторантура бағдарламасы бойынша басқа жоғарғы оқу орындарының мұғалімдері өздерінің квалификациясын көтеруді тіледі. Қазақ ұлттық университетін бітіріп кеткен Қазақстан жоғарғы оқу орындарының проректорлары және профессорлары келіп, студенттік кездерін жылулықпен еске үсірді.