«Даму» Кәсіпкерлікті Дамыту Қоры» АҚ-ның әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі ашық есік күні

22.02.2010

Көрулер: 2900

18.02.2010ж. «Даму» Кәсіпкерлікті Дамыту Қорының өкілдері экономика және бизнес факультеттің студенттерымен кездесуі өтті. Студенттер "Даму" қорының тарихы, негізгі кезендері және бағыттарымен танысты. "Даму" қорының құрылымдық бөлімшелердің басқарушылары «өндірістік практика-сынақ мерзімін өткізу-жұмысқа орналастыру» жаңа жобаның презентациясын өткізді. Жобаға қатысу үшін студент жоғары үлгерім, шығармашылық ой-пікір, дамуға ниеті бар болуы керек. Осы жоба тәжірибелері жоқ жас мамандарға жұмыс орнын табуына мүмкіндік береді. Басқа аудандарда тұратын студенттер «Даму» қорының филиалдарында практика өтіп, жұмысқа орналасуға болады.

Кездесуден алған әсерлермен экономика және бизнес факультетінің 3 курс студентті Ермекбай Жәкеев бөліседі: «Даму» Кәсіпкерлікті Дамыту Қоры өкілдерімен өткізілген кездесу өте қатты әсер қалтырды. Кездесу кезінде экономика және бизнес факультетінің студенттері осы компанияның құрылымен, қызметымен танысты және қазірғы кезде қажет жұмысқа орналасу жөніндегі практикалық ақпарат алды. Студенттердің алдында жұмыс орнын іздеу кезінде тұратын ең маңызды мәселе - тәжірибе жоқтығы. Менің ойымша, «Даму» қорының осындай шаралары өте қажет және осы кездесуды ұйымдастырған Университеттің басшылығына алғысымды білдіремін".

Өткен кездесу студенттерге пайдалы болды деп айтуға болады. Болашақта жақсы жұмыс орын табуға көмек болады деп үміттенеміз. Ерекше артықшылықты айтып кету қажет, бірінші презентациясын "Даму" қоры біздің университетте өткізді, бұл әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттерінің болашағында маңызды орын алады деген ойдамыз. Кім ақпаратты иеленеді, сол әлемді билейди. Сондықтан, талпынындар жас экономистер!