Дина Исабайқызының 80-жылдығына орай халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы өтті

31.03.2011

Көрулер: 2199

31-наурыз күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың тарих факультеті көрнекті қазақстандық тарихшы, ғылымды ұйымдастырушы профессор Дулатова Дина Исабайқызының 80-жылдығына орай «Бірінші Дулатова оқулары. Бүгінгі Қазақстан, Ресей және Орталық Азия елдеріндегі тарих ғылымы және тарихты оқыту» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференциясын өткізді.

Кеңес өкіметінен кейін 20 жыл тәуелсіздік ішінде Қазақстан, Ресей және Орталық Азия республикаларының тек саяси-әлеуметтік, экономикалық дамуының қорытындысын ғана емес, ең бастысы осы мемлекеттердің ортақ тарихи өткенін, әсіресе қоғамдық тарихи жадының ерекшелігін зерттеуге мүмкіндік береді. Бүгін тарихымыздың ортақ оқиғалары қайта қаралып, оларға әр елдің тарихшылары әр түрлі баға беріп отыр. Көп жағдайда жақын арада болып өткен оқиғаларға баға беру үшін келісімге келіп көрудің орнына қайшылық туып жатады: тарихқа нақты әртүрлі көзқарастардың қалыптасуы ортақ тарихы бар адамдар мен мемлекеттердің арасын алшақтата түседі. Сондықтан да, орта ғасырлардан ХХ ғасырдың аяғына дейін жалпы тарихтың әр кезеңіндегі оқиғаларға баға беру (Түркі қағанаты, Моңғол империясы, Ресей империясы мен КСРО) талқылауды қажет етеді.

Конференцияның мақсаты ғылыми әдіс пен өткеніміздің ортақ тарихына баға берумен, тарихи ғылыми білімнің қордалануымен байланысты табиғатынан пәнаралық болып келетін мәселелерді объективті түрде зерттеу үшін тарихшылар мен басқа қоғамдық ғылымдармен айналысатындардың күшін біріктіру болып табылады. Конференцияның жұмысы «Ежелгі және орта ғасырлардағы Орталық Азия: бүгінгі кезде тарихи мұраны түйсіну», «Ресей империясы және ұлт аймақтар»: мәселені зерттеудегі жаңа ұстанымдар», «Кеңестік тарих: ХХІ ғасыр тұрғысынан», «Тарихи білімнің репрезентативтігі» тақырыбындағы сессиялық отырыстар бойынша өтті.

ҚазҰУ басшылығы тарапынан бірінші проректор Мұхамбетқали Бүркітбаев, тарих факультетінің ұжымы толық қатысты. Профессор Берекет Кәрібаев конференцияға ҚР Парламент мәжілісі депутаты Камал Бұрхановтан, М.Өтемісов атындағы БҚМУ ректоры Тұяқбай Рысбеков (Дина дулатованың бірінші аспиранты) атынан келген құттықтау хаттарымен таныстырды.

Конференция жұмысына АҚШ Виксония (Wisconsin-Madison) университетінің профессоры Вирджиния Мартин, Ресей ҒА Сібір бөлімшесінің Археология және этнография институтының Омбы филиалының этнография секторының меңгерушісі т.ғ.к., Александр Селезнев, Ресей коғамдық зерттеушілер Ассоциациясының президенті (АИРО-ХХІ), МГЛУ профессоры, т.ғ.к. Геннадий Бордюгов, РАЕН толық мүшесі, т.ғ.д., профессор Нейля Бекмаханова, т.ғ.д., профессор, ҚР БжҒМ ҒК Ш.Ш.Уәлиханов атындағы тариих және этнология институтының ежелгі және орта ғасырлар тарихы бөлім жетекшісі Зардыхан Қиянатұлы, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің профессоры, т.ғ.д. Райхан Таштемханова, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті жанындағы Магистратура және PhD докторантура институтының директоры, профессор, т.ғ.д. Мәмбет Қойгелді және Алматы, Астана, Қарағанды, Ақтөбе, Орал т.б. жоғары оқу орындары мен ғылыми мекемелерінен тарихшылар қатысты.

Айта кетейік, конференция барысында факультетте Дина Дулатова еңбектері мен шығармашылығына арналған көрме ұйымдастырылып, тарих факультетінде 2006 жылы Дина Дулатованың атынан аудитория ашылған.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі