Шығыстану факультетінің студенттері ҚХР ЖОО магистратурасының білім грантын иеленді

31.03.2011

Көрулер: 3118

2011 жылдың 30 наурыз күні Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультеті және Конфуций Институтының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы тәулсіздігінің 20 жылдық мерейтойына арналған Республикалық қытай тілі олимпиадасы өтті. Олимпиадаға еліміздегі жоғары оқу орындарындағы қытай тілі мамандығында оқитын 2, 3, 4-курс студенттері қатысты.

Бұл олимпиада Еліміздегі қытай тілін оқып үйреніп жатқан студенттердің тіл меңгеру деңгейін көтеру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың оқуға деген ынталары мен белсенділіктерін арттыру, сонымен қатар қытай тілін оқытып жатқан оқу орындары арасындағы байланысты нығайта түсу мақсатында ұйымдастырылды.

Арнайы шақырылған қонақтар қатарында ҚР-дағы ҚХР консулдығының мәдениет және білім саласын басқаратын вицеконсулы Gao chen мырза болды, сонымен қатар Синьхуа агенттігінің журналистері қатысты.

Ал әділқазылар алқасы құрамында Конфуций инситутының маманы Zhang Jian Fang мен Hu ya nan ханымдар, Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ аға оқытушысы Tao Jing Song мырза, Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің аға оқытушысы Даулет Акбархан мырза, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педогогикалық Университетінің доценты Гүлия Әлиханқызы болды.

Сайыстың қортындысы бойынша бірінші орынды әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шығыстану факультетінің 4-курс студенті Төрехан Хабиев жеңіп алса, екінші орынды осы факультеттің 4-курс студенті Мадина Ахметбек иеленді. Үшінші орын да аталған факультеттің студенті Арайбек Амантайұлына бұйырды. Бірінші орын иеленген жеңімпазға ректорат тарапынан 16000 теңге, екінші орынға 10000 теңге, ал үшінші орынға 5000 теңге көлемінде сыйақы берілді.

Өткізілген олимпиадаға Қытай консулдығы да барынша өз көмектерін тигізіп, алғашқы үш орын алған студенттерге ҚХР-дың қалаған қаласында магистратурада тегін оқу грантын тағайындады. Жарысқа қатысушылар сондай-ақ факультеттің алғыс хаттарымен марапатталды.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі