Жаңалықтар

Тәуелсіздіктің 20 жылдығына – бірегей жетістік

19.03.2011

Испаниядағы үздік жоғары оқу орындарының бірінде бірінші рет қазақстандық докторант диссертация қорғап, PhD докторы дипломын иеленді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың PhD докторанты Әбдіәділ Асқарұлы Испаниядағы Валейстік политехникалық университетінде (ВПУ) қолданбалы математика мамандығы бойынша өз диссертациясын қорғап, PhD докторы дипломын алды.

2010 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың сол кездегі ректоры, бүгінгі ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловтың бастамасымен ҚазҰУ мен ВПУ білім ордалары арасында екіжақты қосдиплом алу келісім-шартына қол қойылған болатын. Келісім-шарт аясында екі университеттің бірінде PhD докторантурада білім алған докторант диссертациясын қорғағаннан кейін аталған келісім-шарт негізінде осы екі оқу орнының да (ҚазҰУ мен ВПУ) дипломына ие болады.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ ҰБТ пәндері бойынша тегін онлайн тестілеу өткізеді

18.03.2011

2011 ж. 28 наурыз және 2 сәуiр аралығында қазақстандық мектеп бітіруші түлектерөздерінің ЖОО-ға түсу бiлiмдерiн және дайындық деңгейін тексере алады.

Ол үшін университеттiң www.kaznu.kz сайтына тiркелу қажет. Әрбiр тiркелген бітіруші түлекке онлайн тестілеу жүйесіне кiруге арналған арнайы логин және пароль берiледi. Еліміз бойынша кең көлемді қамтып отырған акция бірінші рет ұйымдастырылып отыр. Бұл жоба ауылды жерлердегі мектеп бiтiрушiлер үшiн әлеуметтiк маңызға ие.

Ары қарай оқу >>

Қабілеттілікке жетелейтін құжат жобалары талқыланды

18.03.2011

Бүгін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың гуманитаризациялау жөніндегі кеңесінің отырысы өтті. ҚазҰУ ректоры және университеттегі гуманитарлық кеңес мүшелері қатысқан бұл отырыстың күн тәртібінде ҚазҰУ оқытушылары мен қызметкерлерінің корпоративтік мәдениет кодексі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студентінің ар-намыс кодексі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттерінің корпоративтік этика кодексі және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ОПҚ туралы Ереже сияқты құжаттардың жобасы талқыланды.

Ары қарай оқу >>

Университеттегі спорттың клубтық түрін дамыту

18.03.2011

Университеттегі спорттық-сауықтыру жұмысын дамыту жеке тұлғаның болмысын және рухын жан-жақты тәрбиелеудің негізгі шарты болып табылады. Бұл жалпыуниверситеттік міндет. Университетте студент жастардың спорттық-сауықтыру және спорттық-бұқаралық жұмыстарын ұйымдастырудың жаңа формаларын іздестіруге үлкен көңіл бөлінуде.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-дың туризм кафедрасында Abacus электронды брондау жүйесіндегі компьютерлік класс ашылды

17.03.2011

ҚазҰУ-да география факультетінде Global Distribution System (GDS) Abacus электронды брондау жүйесіндегі компьютерлік класы ашылды.

Бұл класс университет базасында электронды брондау жүйесін оқытудың Қазақстандағы ең бірінші және жалғыз мамандырылған класы болып табылады. Жоба Abacus Central Asia Ltd және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ арасында келісім шарт негізінде іске асып отыр, яғни біріккен қызмет арқасында мамандырылған туристік кадрларды дайындау мен қолданбалы ғылыми зерттеу жұмыстарын қарастырады.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-ға ҚР Еуропалық Одақ өкілдігінің басшысы келді

16.03.2011

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов Еуроодақтың Қазақстан Республикасындағы өкілдігінің басшысы, Елші Норберт Жустенмен кездесті.

Кездесу барысында екіжақты ғылым-білім кеңістігіндегі тығыз әріптестік байланыс және алдағы уақытта әріптестікті одан әрі дамыту жолдары қаралды.

Ғ.Мұтанов университеттің ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметтері туралы егжей-тегжей айтып, елші назарын жоғарыбілікті мамандар даярлау сапасын арттыруға, ғылыми кадрларды дайындауда жүйені жақсартуға, жетекші технологиялар мен оқытудың әдістемесін дамытуға аудартты.

Ары қарай оқу >>

Куратор-эдвайзер жұмысын жандандырған семинар-тренинг

15.03.2011

Бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Куратор-эдвайзер кеңесі мен Тәрбие жұмысы және тілдерді дамыту департаментінің ұйымдастыруымен семинар-тренинг өтті. Бекмаханов дәрісханасында өткен семинар-тренингке университет факультеттеріндегі куратор-эдвайзерлер қатысты.

Ары қарай оқу >>

Күн тәртібіндегі өзекті мәселелер

15.03.2011

14 күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің мәжілісінде ҚазҰУ оқытушысы мен қызметкерінің ұжымдық мәдениетінің кодексі, Болон үдерісі бойынша студенттік бюро ұсыныстары мен Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына орай 20 инновация туралы тақырыптар қаралды.

Ары қарай оқу >>