«Студенттік жеке инвесторлар клубының» мүшедлері Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының мамандарымен алғашқы кездесуі болды.

31.03.2011

Көрулер: 2613

2001 жылдың 30-шы наурызында Экономика және бизнес жоғарғы мектебінде «Студенттік жеке инвесторлар клубының» мүшелері Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының мамандарымен алғашқы кездесуі болды. «Студенттік жеке инвесторлар клубының» негізгі мақсаты – ҚазҰУ-дың студенттері мен мұғалімдерінің қаржылық сауаттылығын арттыру.

Кездесуге ҚазҰУ-дың ЭжБЖМ-ің мұғалімдері, студенттері қатысты.

Кездесуді «Алматы өңірлік қаржы орталығының» менеджері Дінмұхаммед Мүсіралиев бастап,болашақ инвесторларды бірден өзінің назарынабаурап алды. Бағалы қағаздарға қаражат салудың тиімді екенін мұқият тыңдап отырған студенттерге анық түсіндірді.

Содан, «Исламдық қаржылар» тақырыбында «Алматы өңірлік қаржы орталығының» шетел инвесторларымен жұмыс жасау бөлімінің аға маманы Айбек Бекжанов лекция оқыды. Ол клубтың мүшелерін исламдық қаржының негізгі принциптерімен, ол жайлы мифтермен таныстырды. Исламдық қаржы ұйымдары қандай операциялардың көмегімен пайда табатынын көрсетті. Аудиториядан Айбекке қойылған сұрақтарға толық жауап та беріліп отырды.

Кездесу өте жақсы атмосферада өтті. Жиынның соңында клубтың кураторлығына ЭжБЖМ 2-ші курс студенті Мұқатаев Бағлан ұсынылып, қабылданды.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі