Жалпыуниверситеттік «Ағылшын тілі мерекесі» мәдени іс-шарасы өтеді

31.03.2011

Көрулер: 2799

2011 жылғы 1 сәуірде, сағат 18.00-де Химия факультетінің Үлкен мәжіліс залында ҚазҰУ ректоры Ғ.М. Мұтановтың қатысуымен тілдік клубтардың жалпыуниверситеттік «Ағылшын тілі мерекесі» мәдени іс-шарасы өтеді.

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасын дамыту туралы тапсырмасын орындау барысында, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да тілдік білім беруді дамыту саясаты жүзеге асырылуда. Басты мақсат – қазақ тілінің тілдік стандартын енгізу, мемлекеттік тіл қатынас шеңберін ұлғайту, орыс, ағылшын тілдерін оқытудың сапасын арттыру арқылы бәсекеге қабілетті маман даярлау.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі