Жаңалықтар

Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті

15.04.2011

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Мансап секторы Ө.А.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында Бос жұмыс орындары жәрмеңкесін ұйымдастырды.

ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов Жолдауда жүктелген әлеуметтік жаңғыру жолындағы нақты міндеттерді жүзеге асыруда бұл жәрмеңкенің де өзіндік маңызы бар екендігін және мұнда тек ҚазҰУ бітірушілері ғана емес еліміздегі басқа да жоғары оқу орындарының түлектері келіп сұранысқа сай қызметке тұру мүмкіндігіне ие болып отырғандығын айтып өтті. Одан кейін ректор бос жұмыс орындарын ұсынып отырған жұмыс берушілерге алғыс хат тапсырды.

Ары қарай оқу >>

Орыс тілінен сөз өнері мерекесі өтуде

15.04.2011

15 сәуір күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Бүкіләлемдік орыс тілі фестивалінің аясында орыс тілінің сөз өнері мерекесі болды. Аталған шара әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Орыс әлемі» қорының қолдауымен және Орыс тілі мен әдебиеті оқытушыларының халықаралық ассоциациясымен бірлесе өткізілді.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-дың “Көмек” ұйымы қайырымдылық жәрмеңкесін өткізді

15.04.2011

15 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті “Көмек” студенттік ұйымының ұйымдастыруымен “Мүмкіндігі шектеулі жандардың қолымен жасалынған бұйымдар” жәрмеңкесі өтті.

“Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!” атты ұранмен ҚазҰУ қалашығындағы “әл-Фараби” алаңында өткен жәрмеңкенің мақсаты студенттердің әлеуметтік жауапкершілігін арттыра отырып университетте әлеуметтік жаңаруды дамыту.

Ары қарай оқу >>

«Араб тілі мен мәдениеті күндері» атты дөңгелек үстел өтті

15.04.2011

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шығыстану факультетінде арабтану кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығына және Қазақстанның 2011 ж. Ислам конференциясы ұйымының Сыртқы істер министрлігі кеңесіне төрағалық етуіне арналған «Араб тілі мен мәдениеті күндері» атты дөңгелек үстел өтті.

Ары қарай оқу >>

Жапон атом энергетикасы агенттігінің өкілдері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне келеді

15.04.2011

2011 жылғы 15 сәуірде Нейтрондық сәулелену және атомдық сынақ реакторы орталығының Директоры Доктор Хироши Кавамура басшылық еткен Жапон атом энергетикасы агенттігінің өкілдері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне сапармен келеді.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ ұжымы әлеуметтік жаңғыру жолында театрға жиі барып тұрады

14.04.2011

12 сәуірде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Тәрбие жұмысы және тілдерді дамыту департаментінің ұйымдастыруымен университетіміздің 474 куратор-эдвайзерлері мен студенттері Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына арнайы барып қайтты.

Онда университеттің куратор-эдвайзерлар кеңесі мен ҚазҰУ студенттері «Қозы-Көрпеш-Баян-сұлу» спектаклін тамашалады.

Ары қарай оқу >>

«050504 – Журналистика» мамандығы бойынша студенттердің Республикалық пәндік олимпиадасы өтті

14.04.2011

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 қаңтардағы және ҚазҰУ-дың 2010 жылғы 2 ақпандағы №22 бұйрығына сәйкес құрылған комиссия мүшелері «050504 – Журналистика» мамандығы бойынша жоғары оқу орындары арасындағы Республикалық пәндік олимпиадасын өткізді. Аталған мамандық бойынша студенттік пәндік олимпиада байқауында әділқазылар мүшелері: комиссия төрағасы: Олжай Қайнар – «Қазақстан» басқармасы төрағасының орынбасары. Комиссия мүшелері: Әшірбаев Бекжан – «Заң» газетінің бас редакторы; Мамырбек Рахат – «Алматы» телеарнасы продюссерлер тобының басшысы; Жеңісұлы Есей – «Ұлан» газетінің бас редакторы; Сейітман Серік – «Қазақ» радиосының журналисі, Журналистика саласы бойынша халықаралық «Шабыт» байқауының бірінші лауреаты; Алауханов Есберген Оразұлы – журналистика факультетінің деканы, профессор; Қатысушы командалар, команда жетекшілері болды.

Ары қарай оқу >>

Болашақ экономистер арасында республикалық Олимпиада өтті

14.04.2011

14 сәуірде ҚазҰУ-дың экономика және бизнес жоғары мектебінде студенттердің ұйымдастыруымен «Қазақстанның инновациялық экономикасына басқарушы кадрлер» атты ІІІ республикалық Олимпиадасы өтті. Байқауға мемлекеттік және жергілікті басқару, менеджмент мамандықтары бойынша оқып жүрген студенттер қатысты.

Ісшараға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Қызылорда мемлекеттік университеті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қарағанды экономика университеті, Қазақ гуманитарлық-заң университеті, Халықаралық бизнес академиясы, А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің студенттері қатысты.

Ары қарай оқу >>

Жаңа кітаптың тұсаукесері өтті

14.04.2011

14 сәуір күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың әскери кафедрасында профессорлар Владислав Григорьев пен Ләйлә Ахметованың авторлығымен «Яростный 1941. Размышления историков» атты кітаптың тұсаукесері өтті. Владислав Григорьев Мәскеуд тұратындықтан, бұл салтанатқа келе алмады.

Ары қарай оқу >>

«Мемлекеттік және жергілікті басқару» және «Менеджмент» мамандықтары бойынша республикалық пәндік олимпиада өтеді

13.04.2011

14 сәуір 2011 жылы сағат 10.00-де Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика және бизнес Жоғары мектебінде (ҚазҰУ қалашығында) №1 дәріс залында Студенттер арасындағы «Мемлекеттік және жергілікті басқару» және «Менеджмент» мамандықтары бойынша республикалық пәндік олимпиаданың ашылу салтанаты өтеді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Экономика және бизнес Жоғары мектебі Менеджмент және бизнес кафедрасының ұйымдастыруымен өтетін Республикалық олимпиадаға Қазақстан Республикасының көптеген аймақтарының, Астана мен Алматы қалаларының ЖОО аталмыш мамандық студенттері қатысады.

Ары қарай оқу >>