Жапон атом энергетикасы агенттігінің өкілдері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне келеді

15.04.2011

Көрулер: 2571

2011 жылғы 15 сәуірде Нейтрондық сәулелену және атомдық сынақ реакторы орталығының Директоры Доктор Хироши Кавамура басшылық еткен Жапон атом энергетикасы агенттігінің өкілдері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне сапармен келеді.

Сапардың мақсаты Қазақстан мен Жапонияда атом саласындағы адам ресурстарын дамыту бойынша жүзеге асырылып жатқан шаралар туралы ақпаратпен алмасу және университеттер, компаниялар, ұлттық институттар арқылы болашақта осы бағыт бойынша одан әрі ынтымақтасу мәселелерін талқылау, сондай-ақ тамыз айында өткізілуі жоспарланған «Азиялық жас ғалымдарға арналған бағдарлама» туралы пікір алмасу болып табылады.

ХЫД