ҚазҰУ-дың “Көмек” ұйымы қайырымдылық жәрмеңкесін өткізді

15.04.2011

Көрулер: 2023

15 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті “Көмек” студенттік ұйымының ұйымдастыруымен “Мүмкіндігі шектеулі жандардың қолымен жасалынған бұйымдар” жәрмеңкесі өтті.

“Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!” атты ұранмен ҚазҰУ қалашығындағы “әл-Фараби” алаңында өткен жәрмеңкенің мақсаты студенттердің әлеуметтік жауапкершілігін арттыра отырып университетте әлеуметтік жаңаруды дамыту. Мүмкіндігі шектеулі жандардың қолөнер бұйымдарын насихаттау арқылы оларға материалдық көмек көресту. Сонымен қатар, студенттік волонтерлардың балалар үйіне, интернаттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған мекемелерге барып, көмек көрсетуін қамтамасыз ету.

Жәрмеңкеге №7, №8 интернаттар, аутизм орталығы, “Эльдани” қайырымдылық қоры және “Мейірім” қоры қатысты.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі