Жаңалықтар

Студенттер форумында Ауғанстан мәселесі талқыланды

20.04.2011

Бүгін ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар факультетінде ашылған НАТО жөніндегі ресурстық және ақпараттық орталығында студенттердің ұйымдастыруымен «НАТО моделі» форумы өтті.

Арнайы шақырылған қонақтардан Италияның әскери атташесі Марко Морро болды. Форумды халықаралық қатынастар факультетінің деканы Кәрімжан Шәкіров және профессор Құралай Байзақова ашты.

Ары қарай оқу >>

Дэджон университетінің өкілдері ҚазҰУ-да қонақта

19.04.2011

20 сәуірде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ректоры, академик Ғалымқайыр Мұтанов пен Дэджон университетінің Президенті Енг Чул Лим мырзаның басшылығымен корей елінің өкілдерімен кездесу өтеді.

Олардың ішінде Дэджон университетінің вице-президенті Генсик Ан мырза және Дэджон университеті халықаралық бөлімнің директоры Пье Чангсун мырза бар.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ жастары «Қозы Көрпеш-Баян сұлу күнін» атап өтті

19.04.2011

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Жастар» интернет орталығында «Қозы Көрпеш-Баян сұлу күніне» орай арнайы концерттік шара ұйымдастырылды. Шараға университетіміздің ең белсенді студенттері, студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының мүшелері және Жастар Ұйымдары комитетінің басшылары мен қызметкерлері қатысты.

Ісшараны Студенттер Мәжілісі ұйымдастырды. Олардың негізгі мақсаты – батыстық идеологияның дәріптеуімен жастарымыздың санасына орныға бастаған «Әулие Валентин күнін» тойлауға қарсылық білдіріп, ұлттық нақышта жастарды тәрбиелеу, әрі салт-дәстүрімізді жаңғырту.

Ары қарай оқу >>

Шығысқа есік аша отырып

19.04.2011

2011 жылдың 19-сәуірінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шығыстану факультетінде ашық есік күні өтті. Бұл профориентациялық шараның мақсаты – шығыстану факультетінің заманауи білім беру нарығына өзін-өзі жариялау, Алматы, Алматы облысы мен Қазақстанның орта мектептері, лицей мен колледждерінің оқушыларын «Шетел филологясы: шығыс тілдері», «Шығыстану», «Аймақтану» және «Аударма ісі» мамандықтарына тарту болып табылады.

Ары қарай оқу >>

Жас ғалымдар мәселелері талқыланды

19.04.2011

18 сәуірде кезекті ректорат мәжілісі 15 сәуірде дүниеден озған география ғылымдарының докторы, профессор, ҚазҰУ-дың география факультетінің деканы, ғылыми жұмыс жөніндегі проректор қызметтерін атқарған, геоэкологияның негізін қалаушы Анатолий Васильевич Чигаркинді еске алу минутынан басталды.

Ары қарай оқу >>

Студенттер мен жас ғалымдардың «Ғылым әлемі» халықаралық конференциясы өтеді

19.04.2011

16-22 сәуір күндері әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың механика-математика факультетінде ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған студенттер мен жас ғалымдардың «Ғылым әлемі» халықаралық конференциясы өтеді.

Ісшараға Қазақстан, ТМД, АҚШ, Германия, Түркия, Үндістан, Жапония сынды мемлекеттердің жас ғалымдары қатысады.

Ары қарай оқу >>

«Қазіргі заманғы университеттегі студенттік өзін-өзі басқару: тәжірибесі, инновация және болашағы» атты халықаралық студенттік форум өтеді.

19.04.2011

2011 жылдың 22-23 сәуір аралығында сағат 10:00-де, тіркеу сағат 9:00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Ө.Жолдасбеокв атындағы студенттер сарайында «Қазіргі заманғы университеттегі студенттік өзін-өзі басқару: тәжірибесі, инновация және болашағы» атты халықаралық студенттік форум өтеді.

Форумға Қазақстан, ТМД, Европа елдері ЖОО студенттік ұйымдарының көшбасшылары және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады. Атап айтқанда, Еуропа студенттер одағының Президенті Берт Ванденкенделир (Бельгия), Студенттік ұйымдар мен жастардың халықаралық достастығының төрағасы Илья Ильин, ягеллон университеті «Bratniak» студенттер мен аспираттар Қорының Президенті Гжегож Муранский қатысады.

Ары қарай оқу >>

Журналистика факультетінде Республикалық «Болашақ бапагер-редактор» байқауы өтеді

18.04.2011

19 сәуір 2011 жыл әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультеті баспа ісі және БАҚ дизайны кафедрасының ұйымдастыруымен, Алматы қалалық әкімдігінің және республикалық ақпарат құралдары мен баспалардың қолдауымен мектеп және колледж оқушылары арасында Республикалық «Болашақ бапагер-редактор» байқауы өтеді. Бұл шараға Сіз басқарып отырған ақпарат құралы да белсене атсалысады деп сенеміз.

Байқаудың өтетін орны: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультеті. 3-зал. әл-Фараби даңғылы 71 а

Байқаудың мақсаты:

- Мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру;

- Олардың баспа ісі жөніндегі түсінік-танымын кеңейту;

- Кітап дайындау, шығару, тарату кәсібіне баулу;

- Баспа бизнесімен айналысуға жол ашу;

- «Баспа ісі» мамандығына қызығушылығын ояту.

Ары қарай оқу >>

PR шақырады!

18.04.2011

«Сиреневый PRорыв. Коммуникационное PRобуждение» атты халықаралық дәстүрлі студенттік 9-шы PR-конференциясын ұйымдастыратын қазақстандық PR-шы клубы және ҚБҰА (Қоғаммен байланыстың ұлттық ассоциациясы) биылғы жиынды әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткізді.

Жиынға Қазақстанның 7 жоғары оқу орындары, яғни әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, UIB, IT-университеті, ҚМЭБИ, Абылай хан атындағы ҚазҰХҚжәнеӘТ университеті, Серікбаев атындағы ШҚМТУ (Өскемен қаласы) және Аграрлық университетінің (Астана) 700-ге жуық студенті, магистранттары және докторанттары қатысты. Іс-шара «GSM Казахстан/Kcell» компаниясының және «Асем-Ай» компаниясы тобының қолдауымен өтті.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ мен жапондық орталық арасында жаңа реактор құрылмақ

15.04.2011

Ғалымқайыр Мұтанов Нейтрондық сәулелену және атомдық сынақ реакторы орталығы Директорының орынбасары Mr.Yukio TACHIBANA мырзамен кездесті.

Кездесуде Mr.Yukio TACHIBANA элект рэнергия, жылу және сутегін шығаратын зерттеу реакторын құруды ұсынды. Мұндай реакторлар өндірістік және тәжірибелік болып іргесі қаланса, жас мамандар осы сала бойынша ірі-ірі ғылыми жұмыстар жасауға ие болмақ.

Ары қарай оқу >>