Жаңалықтар

«Айқап» журналы мен «Қазақстан» газетіне бір ғасыр толды

23.04.2011

22 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ө.А.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы мен тұңғыш ұлттық мерзімді басылымдар «Айқап» журналы мен «Қазақстан» газетінің жарыққа шығуының 100 жылдығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Алғашқы қазақ басылымдарының ұлттық журналистика тарихындағы салмағын, маңыздылығын, үлесін жан-жақты қарастырған басқосуға университет ұжымымен қатар отандық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, ғалымдар, әдебиетшілер, тарихшылар және зиялы қауым өкілдері мен студенттер қатысты.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да Студенттік баспасөз орталығының тұсауы кесілді

23.04.2011

22 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Студенттік баспасөз орталығының тұсауы кесілді.

Қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған орталықта сонымен қатар Студенттік баспасөз клубы бар.

Ары қарай оқу >>

«Ғылым әлемі» жас ғалымдар конференциясының жеңімпаздары анықталды

22.04.2011

16-22 сәуір аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да студенттер мен жас ғалымдардың «Ғылым әлемі» атты халықаралық конференциясы өтті. Бұл шара ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған болатын. Конференцияның жабылу салтанаты 22 сәуірде ҚазҰУ-дың механика-математика факультетінде тәмамдалды.

Конференцияны ұйымдастырудағы басты мақсат - студенттердің ғылыми-зерттеу және оқу-ағарту қызметін дамыту, жас ғалымдардың ғылым саласындағы өзекті мәселелерін шешудегі ұсыныстарын тыңдау, әрі талантты жастарды қолдай отырып интеллектуалды элита ортасын қалыптастыру.

Ары қарай оқу >>

Құқықтық олимпиада өтті

22.04.2011

әл-Фраби атындағы ҚазҰУ заң факультеті Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған жоғары оқу орындарының студенттері арасында «Құқықтану», «Кеден ісі», «Халықаралық құқық» мамандықтары бойынша құқықтық олимпиада өткізілді.

Ары қарай оқу >>

Халықаралық студенттік форум өз жұмысын бастады

22.04.2011

Ө.А.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында «Қазіргі заманғы университеттегі студенттік өзін-өзі басқару: тәжірибесі, инновация және болашағы» атты халықаралық студенттік форумы өтіп жатыр.

Форумның пленарлық мәжілісінде Еуропа, ТМД және отандық ЖОО студенттік ұйымдарының көшбасшылары мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысып, оқу орындарындағы бүгінгі күнгі Студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының тәжірибесімен бөлісті.

«Өзін-өзі басқару - үлкен жауапкершілік. Студенттер өзін-өзі басқара отырып, өздеріне үлкен міндет алады. Және сол міндеттерді мұндай ұйымдар арқылы өздері шешеді. Әр елдегі жастар өзін-өзі басқаруды жүйелі атқарса қоғамда шешімін таппаған мәселелер де болмайды», - деп атап өтті өз сөзінде ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов.

Ары қарай оқу >>

Жапонияға көмек акциясы өтті

20.04.2011

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті жапонтану кафедрасы шығыстану факультетінде Жапонияда болған жерсілкінісінен зардап шеккендерге арнап ақшалай көмек көрсету акциясын өткізді.

Ары қарай оқу >>

Ректор грантының иегері – Досжан Балабекұлы

20.04.2011

19 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультеті баспа ісі және БАҚ дизайны кафедрасының ұйымдастыруымен, Алматы қалалық әкімдігінің және республикалық ақпарат құралдары мен баспалардың қолдауымен мектеп және колледж оқушылары арасында Республикалық «Болашақ бапагер-редактор» байқауы өтті. Бұл шараға бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары да белсене атсалысты.

Ары қарай оқу >>

ҚР ЖОО араларында VI жазғы Универсиадасы бойынша спорттың 37 түрінен жарыстар өтіп жатыр

20.04.2011

2011 жылдың 4 сәуірінен бастап Қазақстан Республикасының түрлі қалаларында Қазақстан Республикасының ЖОО араларында VI жазғы Универсиадасы бойынша спорттың 37 түрінен жарыстар өтіп жатыр. ҚаҰУ-дың құрама командалары да өткізіліп жатқан жарыстарға қатысуда.

Бүгінге дейін келесі спорт түрлерінен жарыстар өткізілді:

Ары қарай оқу >>

«Tarzhiman club» ұйымындағы білім сайысы

20.04.2011

19 сәуірде филология факультетіндегі «Tarzhiman club» жас аудармашылар ұйымдастырған кезекті “Аудармашылар”сайысы өтті. Бұл шараға аударма ісі мамандығының 2-курс студенттерінен құралған “Сөздік-kz“және “New breez(Жаңа леп)” топтары қатысып, аудару тәжірибесі бойынша білім-білігі, дағдылары бойынша сайысқа түсті.

Сайыстың бағдарламасы: таныстыру, кім жүйрік көркем мәтін аудару, үш тілде жарнама жасау, аудару, дүлдүлдер бәйгесі, музыкалық туындының мәтінін жазу, «аудармашының жалған достарын» табу тәрізді 8 кезеңнен тұрды.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ ректорының Деджон университеті Президентімен кездесуі өтті

20.04.2011

20 сәуірде ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов Корея Республикасындағы Деджон университетінің президенті Енг Чул Лим, вице-президенті Генсик Ан, Деджон университетінің халықаралық бөлімінің директоры Пье Чангсунмен кездесті.

Ары қарай оқу >>