Жыл сайынғы сегізінші Жаздық мектеп өтті

07.09.2011

Көрулер: 2377

2011 жылдың 14-24 тамызы аралығында Американдық демократиялық зерттеулердің ресурстық орталығы мен НАТО туралы Ресурстық орталығы АҚШ елшілігі және НАТО-ның жария дипломатиялық Департаментінің қолдауымен «НАТО, АҚШ және Орталық Азия елдері» атты тақырыптағы жыл сайынғы сегізінші Жаздық мектепті өткізді.

Жаздық мектептің жұмысына Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан мен Түркменстаннан барлығы 35 студент, магистранттар мен докторанттар қатысты.

Дәріскерлер ретінде Орталық Азия елдері мен АҚШ-тың қауіпсіздігі, миграция және лаңкестік саласы бойынша маманданған танымал сарапшылар шақырылды.

Жаздық мектептің қортындысы ретінде қатысушыларға арнайы сертификаттар тапсырылды.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі