"Анаркадия" киносының көрстілімі болады

12.09.2011

Көрулер: 2317

14 қыркүйек күні 16:00-де, лигвистика Орталығы конференц-хол (халықаралық ынтымақтастық орталығының ғимараты, халықаралық қатынастар факультетінің жанында) британдық суретші және режиссер Рут Макленанның Қазақстан туралы «Анаркадия» атты фильмінің көрсетілімі болады. Сонымен қатар фильм соңынан талқылауға баршаңызды қатысуға шақырамыз.

Қазақстандағы British Council Лондондағы Film and Video Umbrella компанияның серіктесі ретінде, өткен жазда қазақстандық шөлдала, дала ландшафтар, Алматы төңірегіндегі жермен байланысты ұмытылған аңыздар туралы көркем фильмді түсірген Рут Макленан мен оның кино түсіруші тобына қолдау көрсетті. Film Screening Festival I щеңберінде Ұлыбритания, Германия, Италия, Бразилия, АҚШ, Корея, Тәжікстан, Ауғанстан студенттерімен International Cultural meeting өтеді. Сіздер басқа елдердің мәдениетімен танысып, кез келген тақырыпқа әңгімелесе аласыз.

Конференц-залда шектелген орын болғандықтан, алдын ала тіркелуді сұраймыз. Тіркелу үшін: 377-35-16 rm.madina@mail.ru. Менеджер – Мадина.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі