Мәдениет вице-министрі болашақ мәдениеттанушыларға дәріс оқыды

12.09.2011

Көрулер: 1652

Қазақстан Республикасы Мәдениет вице-министрі, философия ғылымдарының докторы, Телебаев Ғазиз Тұрысбекұлының көшбасшылық дәрісі өтті.

Лектор Мәдениет министрлігі қызметінің 3 бағытының бірі мәдени саясат мәселесіне тоқталып, аудитория тыңдаушыларын еліміздің мәдени жағдайымен таныстырып өтті. Олар Мәдениет министрлігі қызметінің көптеген жетістіктері, мәдениет саласындағы көптеген жаңалықтар туралы ақпарат алды. Министрлік қызметінің басты жұмыстарының бірі 41 республикалық және 8000 облыстық-мәдени ұйым қызметтерін үйлестіру, дамыту болып табылады. Бүгінде өзекті мәселелердің бірі болып табылатын Батыс кино туындыларының ел ұрпағына тигізетін әсеріне байланысты «Мәдениет туралы» Заңға өзгерістер енгізілгендігін атады. ҚР Мәдениет вице-министрі Қазақстанның кино, театр индустриясындағы көптеген жетістіктерге байланысты сандық көрсеткіштерін келтірді: 2010 жылы 78 фильм жобасы басталса (бұл көрсеткіш 2009 жылмен салыстырғанда 70 %-ға артық), театр саласында 2010 жылда 39 әртүрлі деңгейдегі 39 жаңа қойылым жүзеге асқан. Оның ең ірісі дүниежүзілік атақты режисер Борис Эйфманның «Красный Жизель» атты балетінің қойылуы болып табылады, бұл ҚР мәдениет және өнер тарихында үлкен шың болды. Еліміздің мәдениетін шетел мәдениетімен сабақтастыру нәтижесінде мәдени деңгей халықаралық деңгейге жақындауда.

Мәдени мұра мемлекеттік бағдарлама аясында қазақ елінің мәдени мұрасын жинақтау мақсатында шет мемлекеттерге Ресей, Қытай, Иран және т.б. елдерге ғылыми экспедициялар жіберілген. Сонымен қатар, «Қазақтың 1000 әні», «Қазақтың 1000 күйі» атты ұлттық жобалар басталған. Осы орайда лектор: «Мәдениет саласының тетігі – өз елінің мәдени мұрасын танып білу» деп атады.

Студенттер Қазақстан Республикасы Мәдениет вице-министрінің дәрісіне терең көңіл бөліп, ұсыныстары мен сауалдарын ортаға салды. Олардың бастысы тіл саясаты, терминология мәселелері, ұлттық тілдегі арналар және т.б. болды. Лектор сауалдарға жауап беру барысында жуық арада ұлттық тілде қызмет ететін «Мәдениет» атты арнаның жарық көретіндігі туралы қуанышты хабармен бөлісті. Сонымен бірге әлеуметтік модернизация – мәдениетті көтеріп, дамытып, адам әлуетін көтеру, яғни білімді болу керек екендігін атап, қоғамдық пікір қалыптастыруға шақырды. Қортындылай келе, Қазақстан Республикасы Мәдениет вице-министрі жастарды әлеуметтік-ғылыми, гуманитарлық ғылымдар өкілдері секілді ҚР мәдениеттанушылар одағын немесе ұйымын қалыптастыру ұсынысын жариялады.

Дінтану және мәдениеттану кафедрасы