Іс-шаралар

Тұрақты даму аясындағы сапалы білімге қол жеткізу мақсатында Дебрецен университетінде (Венгрия) Эразмус+ бағдарламасы бойынша тағылымдама

26.09.2023

Абидкулова Каримэ Тулегеновна, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биология және биотехнология факультетінің 8D05108-Геоботаника мамандығының 2 курс докторанты, 2023 жылдың қыркүйек айынан бастап күзгі семестрді Дебрецен университетінде (Венгрия) Эразмус+ бағдарламасы бойынша оқуға мүмкіндік алды.  Бұл бағдарламаны 2023 жылы Дебрецен университетінің ғылым және технологиялар факультеті және әл-Фараби атындағы  ҚазҰУ-нің биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы жеңіп алды (кафедра меңгерушісі б.ғ.д., профессор Құрманбаева М.С). Осы бағдарламаның арқасында докторант Абидкулова К.Т. Өсімдіктердің молекулалық таксономиясы курсы және доктор Габор Шрамконың зертханасында зерттеу жұмысы курсы бойынша білім алуда. Ол сондай-ақ профессор Аттила Молнар және оның докторанттарымен бірге Lycopodiaceae тұқымдасының әртүрлі түрлерін, инвазивті түрлерді және Галателла тұқымдасының гибридін зерттеу бағдарламасы аясында Токай ауданына (Прикарпатье) бір күндік далалық сапарға қатыса алды.

Ары қарай оқу >>

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕТҰРАҚТЫ ДАМУ МАҚСАТТАРЫНА СӘЙКЕС «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТЕРРИТОРИЯСЫНЫҢ ШӨЛДЕНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

23.09.2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Биология және биотехнология факультеті ұйымдастыруымен тұрақты даму мақсаттарына байланысты Биология ғылымдарының кандидаты, доцент Әметов Абибулла Әметұлының 80 жылдығына арналған «Қазақстан Республикасы территориясының шөлдену мәселелері және оларды шешу жолдары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы 22 қыркүйек 2023 жылы жоғары деңгейде өтті. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы-Ректор Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев 80 жылдық мерейтоймен құттықтап, әл-Фараби күміс медалімен мерей той иесін марапаттады. Іс-шараға Түркия, Ресей елдерінен және Қазақстанның көптеген қалаларынан, атап айтқанда Астана, Ақтөбе, Ақтау, Шымкент және Түркістан қалаларынан баяндамашылар конференцияға белсенді атсалысты. 

Ары қарай оқу >>

ENSAIA-мен BioWare (магистратура) білім беру бағдарламасы бойынша қос диплом бағдарламасын ұзарту жөніндегі келіссөздер

21.09.2023

12 қыркүйекте ENSAIA университетінің басшылығымен ENSAIA университеті мен BioWare (магистратура) және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің биотехнология (магистратура) бірлескен қос дипломдық білім беру бағдарламаларын ұзарту бойынша келіссөздер өтті. Жыл сайын ENSAIA-да Абай-Верн бағдарламасы аясында 6 магистрант білім алуда, олар Нанси қаласында 1 жылдық оқудан өтеді, сонымен қатар Францияның жетекші ғылыми институттары мен өндірістік кәсіпорындарында өндірістік тәжірибеден өтеді.

Ары қарай оқу >>

БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИОТЕХНОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ ҚАЗАҚСТАН-ҚЫТАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫН НЫҒАЙТУҒА ҮЛЕС ҚОСУДА

20.09.2023

2023 жылдың 7-14 қыркүйек аралығында Қытай Ғылым академиясының Тяньцзинь өндірістік биотехнология институтының (TIB CAS) ғалымдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне іс-сапарға келді. Тяньцзинь өнеркәсіптік биотехнология институты (TIB) - жоғары өнімді скрининг, жүйелік биотехнология, ферменттеу процесін оңтайландыру, эксперименттік сынақтар және геном синтезі үшін заманауи жабдықтармен жабдықталған ірі ғылыми орталық. Биология және биотехнология факультеті 2021 жылдың 14 сәуірінде Биотехнологиялық өндірістер альянсына қосылды және 27 елдің университеттері мен ғылыми-зерттеу институттарын қамтитын COMSATS бірлескен өндірістік биотехнология орталығының (CCIB) мүшесі болып табылады.

Ары қарай оқу >>

1- КУРС СТУДЕНТТЕРІНЕ “БИОТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ МЕН БОЛАШАҒЫ” ТАҚЫРЫБЫНДА ВЕБИНАР ӨТТІ

13.09.2023

Вебинар барысында өнімділігі және тағамдық құндылығы жоғары ауылшаруашылық сорттарын алу биотехнологияның болашағы жетістіктері және осы бағыттағы ғылыми зерттеулер туралы білімдер айтылды. Студенттер биотехнология экономикалық перспективалы салаларында өздерінің кәсіби қасиеттерін жүзеге асыруға, біліктіліктерін арттыруға және мансаптық өсуге қол жеткізе алатынын жан-жақтылы түсінді.

Эдвайзер: Доктырбай Г.

https://cloud.mail.ru/stock/4C2iGEKzH8x9PjY2rqXoJfyD

Ары қарай оқу >>

SDG (ТҰРАҚТЫ ДАМУ МАҚСАТТАРЫ) АЯСЫНДА МОЛЕКУЛЯРЛЫҚ БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ГЕНЕТИКА КАФЕДРАСЫНЫҢ ДОКТОРАНТТАРЫНА АРНАЛҒАН ВЕБИНАР

12.09.2023

8 қыркүйекте ZOOM платформасында онлайн-форматта молекулалық биология және генетика кафедрасының 1 курс докторанттары Таскужина Айша мен Кенжебекова Розаның аштықты жоюға, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, тамақтануды жақсартуға және ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына арналған вебинары өтті.

Вебинар аясында докторанттар даярлаған баяндамаларында жоғарыда аталған мәселелерді шешу үшін ғылыми зерттеулерінің маңыздылығы туралы айтты.

Кенжебекова Роза картоптың вирустары мен вироидтарын зерттеумен, ал Таскужина Айша - жабайы алма ағаштарының генетикалық потенциалы мен фитопатологиялық статусын зерттеумен айналысады.

 

Ары қарай оқу >>

ТҰРАҚТЫ ДАМУ МАҚСАТЫНА ҚОЛ ЖЕТКІЗУ АЯСЫНДА ВЕБИНАР ӨТКІЗІЛДІ

09.09.2023

Құрлық экожүйелерін қорғау және қалпына келтіру және оларды ұтымды пайдалануға жәрдемдесу, орманды ұтымды пайдалану, шөлейттенуге қарсы күрес, жердің деградация процесін тоқтату және кері қайтару және биоәртүрлілікті жоғалту процесін тоқтату.

Вебинар тақырыбы: Жаһандық климаттың өзгеруі мен жердің шөлейттенуі жағдайында биоалуантүрлілікті сақтаудың заманауи бағыттары

Вебинардың спикері: Н. В. Терлецкая, б.ғ.к., биология және биотехнология факультетінің биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының қауымд. профессоры.

Видеожазбаға сілтеме: https://us04web.zoom.us/j/75353758600?pwd=ClYC20I7J73Ssa4BnyXhPMAOA2b0i7.1

 

Ары қарай оқу >>