Білім беру бағдарламаларасы: 8D01701 Қазақ тілі мен әдебиеті

ББ атауы

8D0170 – Қазақ тілі мен әдебиеті

Білім беру саласы

8D01 – Педагогикалық ғылымдар

Даярлау бағыты

8D017 – Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау

Білім беру бағдарламаларының тобы

8D 017 – Қазақ тілі мен әдебиеті

Мақсаты

Бағдарлама аналитикалық және шығармашылық ойлау қабілетіне ие, қазақ тілі мен әдебиетін зерттеудің, оқытудың, заманға бейімдеудің әдіснамалық принциптерін сын тұрғысынан бағалауға және әдістемелік зерделеудің жаңа тәсілдерін синтездеуге, оларды тиімді оқыту барысында қолдануға, отандық және әлемдік нарықта жүзеге асыруға қабілетті маманның кәсіби тұлғасын қалыптастыруға; қазіргі тіл мен әдебиетті оқытудың өзекті мәселелері бойынша өз пікірін дәлелді түрде ұсынуға; командада жұмыс істеуге бағытталған.

Оқыту тілі

Қазақ тілінде

Кредит көлемі

180 академиялық кредит

Берілетін академиялық дәреже

«8D01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD)

Оқыту нәтижелері

Берілген ББ тәмамдаған білім алушылардан күтілетін қабілеттер:

  1. Қазіргі заманғы теорияларды, концепцияларды, әдебиеттанудың, тіл білімінің әдіснамасын, оқыту әдістерін жүйелі түсінуді, көркем шығармашылықты зерттеудің жаңа технологияларын меңгеруді, әдебиет шығармаларын әдеби және тілдік тұрғыдан сараптауды көрсету.

Қазіргі тарихи-мәдени және әдеби үдерістердің даму заңдылықтарын, ғылыми-техникалық прогрестің көркем шығармашылыққа және жазушылардың әдеби мұрасын зерттеу мен бағалаудың әдіснамасына әсерін түсіну.

2. Қазіргі тарихи-мәдени және экономикалық үдерістердің даму тенденциялары контекстінде қазақ тілін және көркем әдебиет шығармаларын зерттеу, түсіндіру және сараптаудың өзіндік стратегиясын әзірлеу.

3. Тіл мен әдебиетті оқытудың әдістерін, тәсілдерін зерттеу, сараптау, жаңа, сандық және Интернет технологияларын меңгеру және олармен еркін жұмыс істеу.

4. Қазақ тілі менмен әдебиетін оқыту нәтижесіндегі жаңа идеяларды, әдістер мен тәсілдерді отандық және әлемдік нарықта жүзеге асыруға деген көзқарастарды сыни талдау, бағалау және синтездеу.

5. Теориялық және қолданбалы әдебиеттану және тіл білімі, тіл және мәдени саясат, мемлекеттік және бастамашылық бағдарламалар саласындағы ғылыми зерттеулердің патенттік іздестіруін, үйлестіруін және менеджментін әзірлеу және жүзеге асыру.

Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуды коммерцияландыру бойынша ғылыми және шығармашылық жобаларды әзірлеу.

6. ЖОО-да әдебиетті және тіл білімін оқытудың жаңа әдіснамалық тәсілдерін әзірлеу, оларды сыни талдау және жаңа гипотезалар жасау.

7. Отандық және әлемдік әлеуметтік-гуманитарлық ғылым жетістіктерінің парадигмасында қазақ тілі мен әдебиетін оқытуға арналған өзекті ғылыми, тәжірибелік мәселелерді өз бетімен жүргізу және шешу.

8. Мәдениеттану, психология, экономика, құқық, әдебиеттану саласындағы теориялық білімдерін қазақ тілі мен әдебиетін оқыту процесінде жүйелеу, талдау және синтездеу.

9. Әртүрлі күрделілік деңгейіндегі стандартты емес жұмыстарды орындау үшін әдебиет теориясы мен тіл білімінің концептуалды және әдіснамалық аппаратын қолдану.

10. Әдебиеттану және тіл білімі салаларында педагогикалық зерттеу, талдау және қызметтерді жылжыту әдістемесін әзірлеу.

11. Зерттеу жұмысының нәтижелерін есеп, мақала, монография, дәріс курстары, оқулықтар мен оқу құралдары түрінде, қазіргі баспа құралдарын, редакциялау және ақпараттық ресурстарды қолдана отырып таныстыру.

12. Өзін-өзі реттеуге, кәсіби қызметтің түрі мен сипатын икемді өзгертуге қабілетті әлеуметтік және кәсіби бейімделудің жоғары дәрежесі бар бәсекеге қабілетті тұлға ретінде дербестендіру; рефлексия, өз жетістіктерін объективті бағалау, жағдайды талдау.

Ғылым мен мәдени мұра проблемаларын шешу үшін әлеуметтік өзара іс-қимыл мен ынтымақтастыққа, қоғамда дұрыс және төзімді өзара іс-қимыл жасауға дайын болу.

Тұлғалық және кәсіби даму бағыттарын анықтау, өз көзқарасын талап ету, шешім қабылдау, оппоненттерді сендіру

Талапкерлерге

https://www.kaznu.kz/kz/education_programs/bachelor/speciality/1471

Академиялық қызмет

ББ академиялық қызметі:

- Қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жоғары білім саласындағы қолданыстағы нормативтік құжаттар мен әдістемелік ұсыныстар шеңберінде;

- университетте оқу-әдістемелік үдерісті реттейтін нормативтік құжаттарды жүзеге асыру нәтижесінде;

- әдістемелік жұмысқа қатысты жаңа нормативтік-құқықтық актілерді жалпылау және тарату;

-университеттің оқу-әдістемелік жұмысын ағымдағы және перспективалық жоспарлау; кафедрада пәннің оқу-әдістемелік кешені (ПОӘК) нормативтік-құқықтық актілерге, оқу жұмыс жоспарына және білім беру бағдарламасына сәйкес жасалуымен;

- оқу процесін оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету мониторингімен, нәтижелерді құжаттамалық рәсімдеумен;

- оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу; оқу жұмыс жоспарын әзірлеу және іске асырумен орындалады.

Ғылыми қызмет

Білім бағдарламасын жүзеге асыру үшін факультетте Жамбыл атындағы Қазақ фольклоры мен әдебиетін зерттеу орталығының, Абай ғылыми-зерттеу институтының қорлары, зертханалар бар.

Ғылыми мектеп немесе кафедраның ғылыми бағыттары (ғылыми жобалар):

1) Тіл мен әдебиетті оқытудың ғылыми концепцияларын, ұғымдық-категориялық аппаратын әзірлеумен айналысатын – теориялық және әдіснамалық әдебиеттану және тіл білімі;

2) Ұлттық әдебиеттерді салыстырмалы-тарихи зерделеуге, әлемдік және отандық әдебиеттің даму заңдылықтарын анықтауға негізделген – әдеби компаративистика;

3) көркем мәтіндердің жұмыс істеу ерекшеліктерін, табиғатын зерттейтін – интертекстология және текстология;

4) гуманитарлық пәндерді оқытудың жаңа әдістері мен тәсілдерін әзірлеумен және енгізумен айналысатын – филологияның инновациялық және коммуникативтік технологиялары;

5) өткен және қазіргі көркем мұраның маңыздылығын бағалаумен, тарихи-мәдени үдерістегі жазушының орны мен рөлін анықтаумен айналысатын – әдеби сын;

6) көркем шығармадағы мағыналарды қабылдау мен түсіндіру ерекшеліктерін зерттейтін – герменевтика мен рецептивтік эстетика;

7) тілдік тұлға және құндылықтардың тілдегі көріністерін зерттейтін – лингвистикалық аксиология.

Докторанттар кафедраның ғылыми жобаларын жүзеге асыруға қатысады.

Халықаралық қызмет

Академиялық ұтқырлық бойынша ББ аясында білім алушылардың шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында ғылыми-тәжірибелік тағлымдамадан өтуі қарастырылған.

Білім беру бағдарламасының оқытушылары тәжірибе алмасу, жаңа құзыреттер алу, білім беру дағдыларын жақсарту үшін шетелде тағылымдамадан, білім беру курстарынан өтеді. 

Сапамен қамтамасыз ету (Аккредитация, рейтинг, жұмыс берушілермен жұмыс)

Бағдарлама түлектерін болашақта жұмысқа орналастыру үшін негізгі жұмыс берушілер:

1. ЖОО

2. ғылыми зерттеу институттары

3. колледждер

4. жалпы орта білім беру мектебі

5. білім беру орталықтары

6. газеттер, журналдар, редакциялар

7. баспалар, баспаханалар

8. аударма орталықтары

9. қалалық және аудан әкімшіліктері

10. банктер мен халыққа қызмет көрсету орталығы

11. баспасөз қызметі

Білім беру бағдарламасы нақты жұмыспен қамту саласы үшін өзекті болып табылады:

1. Мектеп;

2. Колледж;

3. ЖОО;

4. білім беру мекемелері;

5. жарнама қызметтері;

6. аударма қызметтері;

7. редакторлық қызметтер.