ПОҚ тағылымдамасы - ТДМ 10 жүзеге асыру

25.09.2023

Көрулер: 818

«Қазіргі Қазақстандағы экономикалық өсу сапасының табыстарды бөлудегі теңсіздікке әсері» жобасы аясында ТДМ 10 - Теңсіздікті азайтуды жүзеге асыру бойынша «Экономика» кафедрасының аға оқытушысы Темербулатова Ж.С. 9-16 қыркүйек аралығында Падуа университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті. Тағылымдама барысында «Марко Фанно» экономика және менеджмент кафедрасының кірістерді бөлудегі теңсіздік, әлеуметтік теңсіздік және экономикалық өсу мәселелері бойынша зерттеулермен айналысатын жетекші ғалымдарымен кездесу өтті.