«Эрасмус Мундуспен Еуропада білім алу»
18.09.2023
Көрулер: 676


Аякөз Мейрамбек нағыз бағдаршы ретінде Эразмус Мундус шәкіртақысын алу және еуропалық білім беру тәжірибесін меңгеру құпияларымен бөлісті. ЭжБЖМ студенттері барлық сұрақтарына осы жерден жауап алды!
Бұл іс-шара БҰҰ-ның №4 Тұрақты даму мақсаты: Сапалы білім берудің мәнін тамаша көрсетеді. ЭжБЖМ студенттеріне Еуропада білім берудегі жетістіктерге жету мүмкіндігін бере отырып, біз әркім сапалы білімге қол жеткізе алатын әлемге үлес қосамыз.
Іс-шараны ұйымдастырушылар: «Экономика» кафедрасы, аға оқытушы Шыңғыс Нұрғазы, «Цифрлық экономика» және «Экономика» 2 курс студенттері.






