Экономика және бизнес Жоғары мектебі “6В04103 - Экономика” білім беру бағдарламасының 2023 жылғы түлегі Сатылхан Байбек Бақтиярұлы “Болашақ" халықаралық стипендиясының иегері атанды.

01.09.2023

Көрулер: 588

Экономика және бизнес Жоғары мектебі “6В04103 - Экономика” білім беру бағдарламасының 2023 жылғы түлегі Сатылхан Байбек Бақтиярұлы “Болашақ" халықаралық стипендиясының иегері атанды. Сатылхан Байбек оқуын Пенсильвания Университетінде магистратурада жалғастырады.

Пенсильваниядан көптеген  әйгілі тұлғалар шықты: ғалымдар мен президенттерге дейін (Дональд Трамп, Илон Маск және т.б.)
Университет қабырғасында Байбек білімге, ғылыми ізденіске жоғары құштарлығын таныта білді. Оның қорытынды дипломдық жұмысы мемлекеттік аттестациялау комиссиясымен өте жоғары бағаланған болатын.
Сатылхан Байбек Бақтиярұлын, «Экономика» кафедрасының ұжымын және Байбектің ғылыми жетекшісі - Байтанаева Бахыт Амантаевнаны осындай жетістікпен құттықтаймыз!