«Smart student» Республикалық интеллектуалды ойыны
Көрулер: 1019
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика және бизнес жоғары мектебі «Экономика» кафедрасының «II Фараби форумы» шеңберінде 2023 жылдың 13 сәуірінде Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттері арасында «Smart student» Республикалық интеллектуалды ойынын өткізді.Интеллектуалды ойын гибридті әдіспен (онлайн-оффлайн) форматта өткізілді.Интеллектуалды ойынның мақсаты: студенттердің шығармашылық қабілеттерін ашу, талантты және дарынды студенттерді іріктеу және қолдау; студенттердің зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға жәрдемдесу; ғылыми ізденіске қызығушылықты дамыту; академиялық және достық қарым-қатынасты нығайту; студенттердің жаңа таныстығына жол ашу.Интеллектуалды ойын кезеңі екі турдан тұрды, екінші турға Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің «Жетісу-BEST» командасы, ғылыми жетекшісі Корабаева Назгуль Бейсенбековна; Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Университетінің «Ұшқыр» командасы, ғылыми жетекшісі Байгужинова А.Ж., Ордабаева М.А., Сактаева А.А.; М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің «Timelider» командасы, ғылыми жетекшісі Алтыбаева Шынар Мендигалиевна; Х.Досмұхамедов атындағы Атырау Университеті ҚеАҚ «Сарапшы» командасы, ғылыми жетекшісі Сабирова Р., Джумаева А.К. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің «Everest» командасы ғылыми жетекшісі Какижанова Толқын Исатаевна. Интеллектуалды ойынның нәтижелері бойынша жинаған ұпай сандарына байланысты 1 - орынды “Ұшқыр” командасы иеленді, топ мүшелері: Асылбекова Назылы Пайзолдақызы, Рахымова Айым Еркінқызы, Макиленова Назгүл Бақытқанқызы.Жүлделі 2 - орынды екі команда өзара бөлісті «Everest» командасы, топ мүшелері: Сейтісханов Нұршуақ, Сайынқұлов Нариман, Сәрсенбай Саят және «Жетісу-BEST» командасы, топ мүшелері: Агыбаева Линара Талгатовна, Асым Айман Мұратқызы, Ташболат Зарина Мирхатовна.3- орынды «Timelider» командасы, топ мүшелері: Алпысбай Алибек Рүстемұлы, Марданова Жанна Бауыржанқызы, Ғабитова Аида Ерікқызы және «Сарапшы» командасы, топ мүшелері: Аслан Перизат Асланқызы, Лес Сая Нурланқызы, Қойшекенов Наурызбек Болатұлы иеленді.






