SMART NATIONS: ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖӘНЕ ЦИФРЛЫҚ ЭКОНОМИКА
Көрулер: 1427
Тұрақты даму саласындағы мақсаттар барлық елдердің бірігіп жасайтын іс-әрекеті болып табылады. Ол біздің планетамыздың әл-ауқатын жақсартуға және қорғауға бағытталған. Мемлекеттер кедейлікті жою жөніндегі шаралар экономикалық өсуді ұлғайту және білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және жұмысқа орналастыру, сондай-ақ климаттың өзгеруіне қарсы күрес және қоршаған ортаны қорғау саласындағы бірқатар мәселелерді шешу жөніндегі күш-жігермен қатар қабылдануға тиіс екенін мойындайды.
Жаһандық деңгейде цифрландыру бизнес-үдерістер мен модельдерді жақсарту үшін цифрлық технологиялар мен деректерді пайдалану үдерісі ретінде басталған болатын. Цифрлық технологиялар әлемдік экономика мен қоғамды өте тез жылдамдықпен өзгертуде. Covid-19 пандемиясы цифрлық технологияларды жедел енгізуге ықпал етті, өйткені үкіметтермен вирустың таралуын бақылау үшін қатаң шаралар қабылдаған болатын және негізгі қызметтер желіге аударылды. Бұл жағдайда цифрлық трансформацияның қажеттілігі туындады. Цифрлық трансформация - жасанды интеллект, Заттар интернеті, цифрлық деректерді қоса алғанда, серпінді технологияларды, цифрлық байланысты және желілерді пайдалана отырып, даму мен оның үдерістерінің жаңа парадигмасы болып табылады. Осы бағытта жасалған халықаралық шараның маңыздылығы зор.
Экономика және бизнес жоғары мектебінің «Экономика» кафедрасымен 2023 жылдың 22 сәуірінде «SMART NATIONS: ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖӘНЕ ЦИФРЛЫҚ ЭКОНОМИКА» тақырыбында ROUND TABLE MEETING өткізілді. Round table meeting мақсаты – қазіргі таңдағы жасанды интеллекттің және цифрлық экономиканың даму тенденцияларын талқылау, сонымен қатар халықаралық деңгейде экономика ғылымының мәселелері бойынша магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдар арасында тиімді тәжірибе және пікір алмасу алаңын құру.
ROUND TABLE MEETING-те баяндама жасаған спикерлер:
1. Үргенішбай Ақерке – Ege üniversitesi 1 курс магистранты, Измир, Түркия, тақырыбы: «Жасанды интеллект оның бағыттары. Туркияның жасанды интеллект саласындағы жағдайы» (қазақ тілінде)
2. Абдуллахан Юлдуз - La Sapienza университетінің 2 курс магистранты, Рим, Италия, тақырыбы: Trends, advantages and prospects of the digital economy in Italy during the digital transformation period (ағылшын тілінде)
3. Бейсен Ұлдана - University of Pavia 1 курс магистранты, Павия, Италия, тақырыбы: «Еуропадағы жасанды интеллектті кең қолданатын салалар» (қазақ тілінде)
4. Болатова Айғаным - Science Po Toulouse университетінің 1 курс магистранты, Тулуза, Франция, тақырыбы: «Artificial intelligence as a focus of digital economy development: Theoretical and practical aspects» (ағылшын тілінде)
5. Амалбек Куралай - Universidad de Castilla La Mancha университетінің магистранты, Сьюдад-Реаль, Испания, тақырыбы: «Испанияның цифрлық экономикасы: ағымдағы жағдайы және даму тренденциясы» (қазақ тілінде)
6. Ақатқызы Аружан – әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің 2 курс магистранты, Алматы, Қазақстан, тақырыбы: «Цифрлық экономиканы қалыптастыру жағдайында адами капиталға қойылатын талаптарды бағалау» (қазақ тілінде).
7. Майсанова Рано - әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің 2 курс магистранты, Алматы, Қазақстан, тақырыбы: «Цифрлық экономика және оның халықтың өмір сапасына әсері» (қазақ тілінде).
Ұйымдастырушылар: Даулиева Г.Р., Кондыбаева С.К., Иляшова Г.К., Андабаева Г. К.
"SMART NATIONS: жасанды ИНТЕЛЛЕКТ және цифрлық ЭКОНОМИКА" тақырыбындағы ROUND TABLE MEETING спикерлері жасанды интеллект пен цифрлық экономиканың жаһандық үдерісі жағдайында бүкіл халық пен мемлекеттердің қоршаған шындықты қабылдау парадигмасын өзгерту қажеттілігінен туындайтын қоғамның негізгі проблемалары мен перспективаларын тұжырымдады.






