Заманның жаһандық сын-қатерлері және стратегиялық басымдықтар
Көрулер: 848
2023 жылдың 11 сәуірінде «Жаһандық өзгерістер жағдайындағы тұрақты экономикалық даму парадигмасы: сын-қатерлер, салдар, мүмкіндіктер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында «Заманның жаһандық сын-қатерлері және стратегиялық басымдықтар» тақырыбында секция өз жұмысын өткізді.
Секцияның мақсаты елдегі тұрақты дамуға қол жеткізудегі экономиканың әртүрлі аспектілерін талқылау, сондай-ақ соңғы жылдардағы жағымсыз салдарды азайтудың негізгі тетіктерін анықтау болды.
Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу және осы мәселені шешудің жаңа тәсілдерін әзірлеу өзектілігі э.ғ.д., «Экономика» кафедрасының профессоры Мухамедиев Б.М., Мирпур ғылым және технологиялар университетінің (Мирпур, Пәкістан) профессоры Аджмайр Мухаммадтың, ЭИ ЖБҒМ ҚР Аймақтық экономика және инновациялық даму бөлімінің меңгерушісі, жетекші ғылыми қызметкері PhD Сатпаева З.Т., э.ғ.д., «Экономика» кафедрасының профессоры Тулегенова М.С., э.ғ.к., профессор, Ташкент мемлекеттік экономикалық университеті жанындағы ХҚЕС және аудит бойынша біліктілікті арттырудың инновациялық ресурстық орталығының директоры Эргашева Ш.Т., э.ғ.к., «Экономика» кафедрасының доценті Байтанаева Б.А., әл-Фараби ат. ҚазҰУ PhD докторанты Сағынбай А.Ғ., «Экономика» кафедрасының оқытушысы Сырбек П.Н. баяндамаларында талқыланды. Сондай-ақ, «QBI Analytics» ЖШС бас директоры Қалибеков М.М. деректерге негізделген бизнесті басқару тәжірибесімен бөлісті.
Секция соңында негізгі нәтижелер мен қорытындыларды, инфляцияның теріс әсерін азайту мен аймақтардың әлеуметтік-экономикалық теңсіздігі және отандық экономиканы қалпына келтіру бойынша ұсыныстарды сипаттайтын резолюция ұсынылды, сонымен қатар, конференция материалдарының жинағын шығару жоспарланды.






