Жас ғалымдарды қолдау – Тәуелсіз Қазақстанның гүлденуінің негізі

19.12.2022

Көрулер: 721

«Экономика» кафедрасымен «Жас ғалымдарды қолдау – Тәуелсіз Қазақстанның гүлденуінің негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел аясында жас ғалымдар зерттеп жүрген және инновациялық қызметке бағытталған ғылым дамуының жаңа тенденциялары мәселелері талқыланды. Дөңгелек үстелде студенттер мен докторанттар жарыстарға қатысу және тағылымдамадан өту тәжірибесімен бөлісті. Талқылау нәтижесі «Экономика» кафедрасының үздік студенттеріне ғылыми қызметке ынталандыру үшін экономика ғылымдарының кандидаты, профессор Г.А. Садыханованы еске алуға арналған атаулы стипендияларды тағайындау болды. Сондай-ақ PhD докторы Қондыбаева С.К. белсенді ғылыми қызметі үшін докторантқа арнайы стипендия арнады.