"Экономикалық теория" Интеллектуалдық сайысы

02.02.2023

Көрулер: 752

02.12.2022 күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика және Бизнес Жоғары мектебі   Экономика кафедрасының ұйымдастыруымен Ұлттық деңгейде Экономикалық теория пәнiнен Интеллектуалдық сайыс өттi. Сайысқа әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Алматы қаласының ЖОО студенттерi қатысты. Сайыс өте қызықты әрі тартысты өтті, сондықтан жеңімпаздарды анықтау сарапшы-мамандарға қиындық тудырды. Дегенмен жеңімпаздар анықталды және "Экономикалық теория" Интеллектуалдық сайыстың қорытындысы бойынша:

1-орын: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттерінен құралған ”Монополисттер" командасы алды. Команда Қаржы және Есеп мамандығының студенттері.

2-орын: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика және Цифрлы экономика мамандығының студенттерінен құралған «Бюрократтар» командасы мен Абай атындағы ҚазҰПУ-дан келген "Дара жастар" командасы   жеңіп алды.

3-орын: Каспий қоғамдық университетінен келген "Жаңа Қазақстанның жалынды жастары" және ҚазҰУ-дың Менеджмент пен Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы студенттерінің «Интеллектуалды элита» командалары ие болды.

Сонымен қатар Интелллектуалдық сайыста басқа да командаларға және команда мүшелерiне номинациялар берiлдi, сондай-ақ команда жетекшiлерi Алғыс хатпен марапатталды.