Кәсіпкер, ҚР қоғамдық тамақтандыру ассоциациясыны төрайымы, «LANZHOU» ресторандар желісінің негізін қалаушы Гүлбану Майгаринамен кездесу
27.03.2023
Көрулер: 853
Экономика кафедрасының ұйымдастыруымен әл Фараби атындағы ҚазҰУ, Экономика және бизнес жоғары мектебінде танымал кәсіпкер ҚР қоғамдық тамақтандыру ассоциациясының төрайымы, «LANZHOU» ресторандар желісінің негізін қалаушы Гүлбану Майгаринамен оқытушы профессорлар және студенттер арасында кездесу өтті. Кездесудің мақсаты- Гулбану Майгаринаның «бизнес әлемі» тақырыбындағы дәрісінен студент жастардың нақты бизнес туралы қажет, құнды ақпараттарды біліп, болашақта өздерінің кәсібін ашуға мотивация беру болып табылады.






