Макроэкономика пәні бойынша олимпиададан жүлделі 2-ші орынды жеңіп алды

05.04.2023

Көрулер: 729

2023 жылдың 5 сәуір күні «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті»  «Экономикалық мамандықтар» кафедрасы Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының студенттері арасында «Макроэкономика» пәні бойынша студенттік пәндік олимпиадасын өткізді. Олимпиадаға жоғары оқу орындарының «Экономикалық мамандықтарының» 5 университеттен 10 команда қатысты. Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті атынан э.ғ.к., аға оқытушы Тураров Д.Р. жетекшілігімен «Экономика» мамандығының студенттері: Кузембаева Нурайлым, Сағынбаева Әсем, Тлеулиева Гульназ, Мауленова Мөлдір, Садық Іңкәр олимпиадаға қатысып, жүлделі 2-ші орынды жеңіп алды.