«Жастар және ғылым: тәуелсіздіктің жаңа бағыттары»
Көрулер: 779
«Экономика» білім беру бағдарламасының 4 курс студенттері Ақылбекова Дана «Жасыл экономика – елдің инновациялық және тұрақты дамуының экономикалық моделі ретінде» атты мақаласымен (ғылыми жетекшісі: э.ғ.к., доцент Андабаева Г.К.), Наурызбаева Айгүл «Цифровые технологии в сфере сельского хозяйства в Республике Казахстан» атты мақаласымен (ғылыми жетекшісі: э.ғ.к., доцент Андабаева Г.К.) Астана қаласында «Бөбек» Жалпыұлттық қозғалысы» заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестігімен ұйымдастырылған «Жастар және ғылым: тәуелсіздіктің жаңа бағыттары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.
Халықаралық жас ғалымдар ассоциясының ұйымдастырумен еліміздің жастарын қолдау үшін қолға алынған халықаралық
жоба аясында «Бөбек» Жалпыұлттық қозғалысы» заңды тұлғалардың
қауымдастық нысанындағы бірлестігінің қолдауымен шығарылатын Тәуелсіз
мемлекеттер достығы «Үздік жас ғалым - 2022» атты талантты жас
ғалымдардың кітап жинағының VІ шығарылымына қатысып, жүлделі орынды иеленген. Олар «Үздік жас ғалым - 2022» халықаралық үздік жас ғалымдардың кітап жинағы, арнайы тағайындалған «Үздік жас ғалым - 2022» төсбелгісімен және ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.






