Аналитика және бизнес-процесстерді цифрландыру
19.11.2022
Көрулер: 942
«Экономика» кафедрасы «Кәсіпкерлік» пәнінің шеңберінде қонақ дәріс ұйымдастырды. Спикер - Durham University түлегі, «Magnum Cash&Carry» ЖШС - нің Бизнес аналитика бөлімінің басшысы Сакен Кудияров. Спикер барлығымыз білетін Beeline Kazakhstan, RG Brands, FirstBIT, Vodafone жұмыс істеген. Дәріс “Аналитика және бизнес-процесстерді цифрландыру” тақырыбында өтті. Дәріс барысында студенттер бизнес аналика жасау дағдысының, бизнес аналитикадағы эконометрикалық талдаудың және бағдарламалау әдістерінің маңыздылығы, тиімділікті арттырудағы цифрландырудың маңыздылығы туралы ақпаратты «Magnum Cash&Carry» ЖШС кейсінде танысып, өздерін толғандырып жүрген сұрақтарына жауап алды.






