Әлемдегі саяси-экономикалық өзгерістер жағдайындағы Қазақстан дамуының жаңа бағыты

19.11.2022

Көрулер: 977

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика және бизнес жоғары мектебінде «Экономика» кафедрасының ұйымдастыруымен 15.11.2022ж. факультеттің магистранттары мен студенттері және Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ магистранттарының қатысуымен Жас ғалымдардың халықаралық ғылыми практикалық семинары өтті.

Халықаралық ғылыми-практикалық семинардың мақсаты – әлемде орын алып жатқан саяси-экономикалық өзгерістерде Қазақстан экономикасының жаңа даму бағыттарын айқындау болып табылды. Халықаралық семинарды Экономика және бизнес жоғары мектебінің деканы, э.ғ.к., профессор м.а. Бимендиева Л.А. алғы сөзбен ашып берді.

Халықаралық семинарда «Әлемдегі саяси-экономикалық өзгерістер жағдайындағы Қазақстан дамуының жаңа бағыты» тақырыбында баяндамалар жасалынып, баяндамашылар өз ойларын ортаға салды. Халықаралық семинарға ҚХР Ухань университетінің докторанты Еркін Назарбай және Варшава университетінде академиялық мобильділік бойынша оқып жүрген Шалабаев Ислам мен Зәуренбек Ерік онлайн қатысып баяндамалар жасады, ал Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ 2 курс магистранттары Елеусинова А.Б., Бауыржан Ж., Оспан К.Д., Елеусиз А.Д., Дидарқызы Қ., Журавлев А.М., Королев П.О. ғылыми іздену тақырыптары бойынша саяси-экономикалық өзгерістердің әсерін қарастырды.

Жас ғалымдардың халықаралық ғылыми практикалық семинарын ұйымдастырушылар: «Экономика» кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.к., профессор м.а., Даулиева Г.Р., «Экономика» кафедра меңгерушісінің ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары PhD докторы Кондыбаева С.К., Экономика магистрі, «Экономика» кафедра меңгерушісінің оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары, аға оқытушы Иляшова Г.К., «Экономика» кафедрасының доценті, э.ғ.к. Байтанаева Б.А. және Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-ның және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «7М04102 - Экономика» мамандығының 2 курс магистранттары.