Абай жолы

08.04.2022

Көрулер: 1337

2022 жылдың 8 cәуірі күні “Экономика” кафедрасының 1 курс қазақ бөлімінің кураторы Тұраров Д.Р. және орыс бөлімің кураторы Иляшова Г.К. студенттерімен бірге “Мұхтар Әуезов – қазақтың ғұлама ғалымы ” атты кураторлық сағат өткізді. Бұл іс-шара ұлы жазушы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым Мұхтар Әуезовтің 125 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды. Жазушының ғұмырнамасы, керемет туындылары, «Абай жолы» ұлы шығармасы студенттер арасында талқыланды.