«Наурыз жаршысы – Көрісу күні»

14.03.2022

Көрулер: 1250

Экономика және бизнес жоғары мектебінің 3 курс «Экономика» мамандығы студенттерінің қатысуымен, эдвайзер Андабаева Г.К., докторант Сапарбек Н.Қ. ұйымдастыруымен «Наурыз жаршысы – Көрісу күні» атты ашық тәрбие сағаты өткізілді. Бұл іс-шарада тәлімгерлерді қазағымыздың салт дәстүрлерінің бірі амал мерекесінің ерекшелегімен таныстыру және үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге, сыйластыққа баулу мақсатында ұйымдастырылды. Амалдың негізгі шарты - үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық, әлсізді демеу, жарлыны жарылқау екендігі баяндалды

Құндылықты, достық пен махаббатты бейнелейтін мерекеге арналған ашық сабаққа декан орынбасары Калиева Ә.Е., кафедра меңгерушісі Даулиева Г.Р., кафедра оқытушылары қатысты.  

Сіздерді жаңару мерекесімен құттықтаймыз!