8 наурызХалықаралық әйелдер мерекесіне орай концерт

04.03.2022

Көрулер: 1219

2022 жылдың 4 наурыз күні «Экономика» кафедрасының аға-кураторы Тураров Д.Р. жетекшілігімен 1 курс студенттері 8 наурызХалықаралық әйелдер мерекесіне орай концерт өткіздіКонцертке қатысқан топ студенттері өздерінің өнерін көрсетіп, ән айтып, би билеп, қызықты ойындар ойнатып, кешті әсерлі әуенмен қоса керемет вальспен аяқтады. Концерттің қонағы болған деканның оқу, әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Калиева А.Е. ұйымдастырылған іс-шараға алғысын айтып, барша университеттегі әйел адамдарын келе жатқан мерекелерімен құттықтады.